16:13
Екінші айналым мәресінде
2009/2010 оқу жылының ІІ тоқсанын аяқтау хақында ӨКІМ ІІ тоқсанның аяқталуына байланысты (демалыс 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін, сабақтардың басталуы 9 қаңтар 2010ж.) мыналарды орындау қажет: 1. Пән мұғалімдері ІІ тоқсандық бақылау жұмыстарын өткізуді 14 желтоқсан һәм 24 желтоқсан 2009ж. аралығында жүргізсін. 25 желтоқсан 2009ж. ӘБ жетекшілеріне бақылау жұмыстарының сандық қорытындыларын тапсырсын. 25 желтоқсан 2009ж. (17.00-ге дейін) ӘБ жетекшілері бақылау жұмыстарының қорытындыларын тапсырсын. Бақылау жұмыстарының қорытындыларында жұмыстардың сапалық сараптамасы айқын мазмұндалуы тиіс (төмен/жоғары көрсеткіштердің себептері, оқушылар біліміндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған жұмыстың жоспары, түзету диагностикасы, салыстырмалы мониторинг). 2. Барлық пән мұғалімдері 26 желтоқсан 2009ж. дейін ІІ тоқсандық бағаларды қойсын. 3. Сынып жетекшілері 26 желтоқсан 2009ж. (17.00-ге дейін) нысан бойынша есеп тапсырсын. 4. Пән мұғалімдері 29 желтоқсан 2009ж. (14.00-ге дейін) нысан бойынша есеп тапсырсын. 5. ӘБ жетекшілері 29 желтосан (17.00-ге дейін) «ІІ тоқсанда орындалған жұмыс туралы» мәтіндік есептерін тапсырсын. 6. Пән мұғалімдері ҰБТ-ге әзірлік бойынша (11 сыныптар), МАБ-ға әзірлік бойынша (4,9 сыныптар) мониторингтік-сараптамалық анықтамасы көрсетілген папкаларын тапсырсын (29 желтосан 2009ж. 14.00-ге дейін). 7. Сынып жетекшілері демалыс кезінде сыныппен өткізетін шараны жоспарласын һәм 26 желтоқсан 2009ж. (17.00-ге дейін) жоспарларын мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Қапанова Г.Ж. тапсырсын. 8. Бастауыш сыныптар мұғалімдері филология ӘБ мұғалімдерін шақырып, оқушылардың мәнерлеп оқу машығын тексеруді өткізсін. Оқу техникасын тексеру қорытындыларын 26 желтоқсан (17.00-ге дейін) тапсырсын. 9. Медбике (тубвираждылар саны, тамақтандыру, оқушылардың медициналық хал-ахуалы көрсетілген, соматикалық мониторинг), кітапхана меңгерушісі, психолог орындалған жұмыс жөнінде мәтіндік есеп тапсырсын. Дене шынықтыру мұғалімдері, инструктор 26 желтоқсан 2009ж. (17.00-ге дейін) мектеп оқушыларының жарыстарға қатысқаны һәм иеленген орындары хақында есептерін тапсырсын. 10. Аға тәрбиеші ІІ тоқсан бойынша орындаған жұмыс жайлы есепті 29 желтоқсан 2009ж. мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Қапанова Г.Ж. тапсырсын. 11. Барлық пән мұғалімдері құжаттама номенклатурасын тексеруге дайындалсын, сынып журналдарын ретке келтірсін. 12. Пән мұғалімінің құжаттама номенклатурасы жағдайын тексеру 5 һәм 6 қаңтар 2010ж. 9.30-дан өткізіледі. Тексеру тәртібі: 5 қаңтар бастауыш сыныптардың ӘБ 9.30-10.30 математика, информатика, физика, сызу ӘБ 10.30-11.30 филология, ағылшын тілі ӘБ 11.30-12.30 6 қаңтар музыка, технология, дене шынықтыру, бейнелеу өнері ӘБ 9.30-10.30 тарих, биология, химия, география ӘБ 10.30-11.30 сынып жетекшілердің ӘБ 11.30-12.30
Просмотров: 1100 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: