00:19
Денсаулық күні

ТАБИҒАТТАҒЫ САЛАУАТ

Алтын күз бастамасы қыркүйектің жаймашуақ күнінде Бесқарағай ауылында жылдағы дәстүр бойынша салауатты өмір салтын ту еткен денсаулық фестивалі өткізілді.

Тән-денені сәл тоңазытқан салқындау самалға қарамастан алтын табақтай Күн жылы сәулесімен мектеп алдына мейілінше жиналған қауымды нұрландырды.

Сап түзеген оқушыларды, мектеп қызметкерлерін, ауылдық әкімшілік аппаратын, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жұмысшыларын Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Ж.Ш.Байтілеуова, Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің директоры А.М.Белгібаева, ауылдың құрметті зейнеткері Д.К.Дөненбаева, ардагер ұстаз Л.И.Быковская денсаулық фестивалінің аталып өтуімен шын жүректі тілектерімен құттықтады.

Көтеріңкі музыканың сүйемелдеуімен жиналған қауым күздің саф таза ауасын арда сіміре денені жігер-шымырлататын таңғы жаттығуларды бір адамдай жасады да, ортақтаса-ынтымақтаса ойдағы табиғат аясына бет түзеді.

Жылдағы кең де жайлы орынға жетісімен оқушылар табиғат құшағында тартысты да қызықты ойындарға күмп берді. Орта буын, бастауыш буын оқушылары арасында командаларға бөлінген «Көңілді жарыстарды» ұйымдастыра өткізуде дене шынықтыру мұғалімдері Н.Х.Баяхметов, А.Қ.Баев, Ж.С.Түсіпов үлкен еңбек атқарып, абыройға кенелді.

Дода көркін қыз-қыздырған балалар қуанышында шек болмады. Қылығымен тәтті бала біткеннің күлкісімен алтын-сары түске орана бастаған орман да жайдары жазды қимастай қуанған сыңайлы. Кетерде экологиялық сенбілік ұйымдастырылды.   

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ЖОББ мектебі оқу істері меңгерушісі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 1310 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: