15:42
Дүбірге толы дүние...
Анығында... СӘРСЕНБІ ДҮЙСЕНБІДЕН ӘЛДЕҚАЙДА АУЫРЫРАҚ КӨРІНЕДІ АҚШ-тың Вермонт штатындағы университеттің зерттеушілерінің ойынша, дүйсенбіден «аптаның ауыр күні» дегенді алып тастайтын мезгіл келді. Соңғы төрт жылдың ішінде танымал әлеуметтік Twitter интернет желісінің пайдаланушыларынан келіп түскен 2,4 миллион хабарды сараптаған олар, заманауи адамға аптаның ең ауыр һәм жүйкені жұқартатын күні болып сәрсенбі табылатынын анықтап үлгеріпті. Ақиқатында, дүйсенбіде адам кеше ғана өткен демалыс күндерінің тамаша әсерінен айықпай, өзін жақсы сезінеді. Ал аптаның ортасында ешбір эмоциялы бояу қалмай, солғын тартып, әлгіндей күйге ұшырайды. Сәрсенбіге қарай нешеме форумдар менен блоктарда «қажытты», «жек көрем», «ашу-ыза» және басқа теріс әсер беретін сөздердің көптігінен аяқ алып жүргісіз көрінеді. [ 40000 ҰЗАҚ ЖАСАЙТЫН АДАМДАР Соңғы алты жыл ішінде жасы 100-ге жеткен жапондықтардың саны екі есеге дейін артқан екен. Биыл егде азаматтар мерекесін 40000-нан аса адам тойлайтын көрінеді. Оның 86 пайызын әйелдер құрайды. Анығында, Жапонияда жүз жасайтын тұрғындардың шапшаң өсуі соңғы елу жылда байқалуда. БҰҰ эксперттерінің болжамынша, 2050 жылға қарай Күн шығыс елінде миллионға жуық ұзақ жасайтын адам болмақ. Бір қызығы, бұл көрсеткіш жағынан Жапония бүкіл дүние жүзінде тек екінші орынды алып отыр. Көшбасында АҚШ келеді. 2008 жылдың 1 қарашасында бұл елде жүзжылдық мерейтойын атап өткен 96548 адам болыпты. «Вокруг света» журналынан еркін тәржімалаған ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы http://www.shakhibbeker.ucoz.kz
Просмотров: 1002 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: