19:29
Бабадан қалған асыл сөз

ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА

МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ (1835-1898 ж.ж.)

Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм жерінде туып өскен. Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты, шағын дәулетті, көзі ашық, діндар адам болған. Майлықожа әуелі үйде, әкесінің үйретуімен сауатын ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білім дәрежесіне жеткен. Майлықожаның өнегелі сөздері кейін елге тарап, ауыздан-ауызға көшіп, жаттанды нақылға айналып кеткен. Майлықожа ұлтымыздың әдебиет тарихынан ойып тұрып орын алар өз заманының көрнекті ақыны болған. Ол, сондай-ақ, шығыс әдебиетін қазақ тіліне аударды.    

Халық ісі дегенде жақсы қалмас тартынып.

* * *

Елге келген жұмысқа жақсы жүрер қайсып, жаман жүрер майысып.

* * *

Ақын – елдің тұлпары,

Кетпейтін басы кермеден.

* * *

Көпті көрген ер жігіт – көсем болар төселіп.

* * *

Ерінбегеннің еңбегі жанар.

* * *

Мал аласы – сыртында,

Адам аласы – ішінде.

* * *

Бақ қонады ұл таңдап,

Қонақ қонар үй таңдап.

Болымы жоқ бозбала,

Бейнеттен қашар бұлтаңдап.

* * *

Жігіттің бағы қайтады – ағайын жұртын алдаса.

* * *

Аңдысқан мынау дүниеде – біреуге-біреу табашы.

* * *

Өңкей жақсы қосылса –

Бітіреді кеңесті.

Өңкей жаман қосылса –

Шығарады егесті...

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 177 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: