18:48
Атбегілік арналары

САЯТ АТЫНЫҢ СЫНЫ МЕН БАБЫ

Саят атының сын-сипаты

  1. Сыртынан қарағанда бітім-тұлғасы зор, қырынан қарағанда тұрысы бүкірлеу болады.
  2. Қабырғасының қара еті қалың һәм сүйегі жуан бітеді.
  3. Байлаулы тұрғанда тұтас денесін алдына қарай ұмсына созады.
  4. Жүргенде төрт аяғын нық әрі тең тастайды, үстіне ер салып байқағанда тұла бойы тегістеліп көрінеді.
  5. Артық қимыл жасамайды, бір орында үнемі шұлғып тұрады. Бұл кең мінезділігінің белгісі.
  6. Саят атының басы сүйір болғаны жақсы, өйткені, жедел шапқанда жел жарып қозғалыс жасауға ыңғайлы.
  7. Басы сүйір тұмсығы үшкіл жылқы иіс сезгіш қабілетке ие. Бұл саят аты үшін таптырмайтын қасиет. Аңның қайда жүргенін тез сезеді.
  8. Бұлшық еттері жетілген, қатты болса, тау-тасқа жүргенде шалдықпайды.
  9. Буындары өте мықты, төрт тұяғының қыры өткір, жон терісі қалың болғаны жақсы. Ал, қолтық-шап терісі жұқа болғаны абзал. Бұндай жылқының тыныстау мүмкіндігі зор келеді. Тынысы кең жылқы еркін көсіледі.
  10. Аяқ тұрқы ұзын, тұмсық үсті дөңес, жазық маңдайлы, жайын ауыз, шоқтығы етжеңді, жалы қалың болғаны абзал.
  11. Жай тұрғанда шоқтығын сауырынан биік ұстайды, мінезі жайлы болып келеді.
  12. Жүргенде басын көтеріп ұстайды, қаз мойын, денесі төртбақ келеді.
  13. Дене бітімі кесек, кеуделі, сауыры шығыңқы, жуан сіңірлі болады.
  14. Қара етті, төрт сирағы ұзын, иықты, омыраулы, екі бұты алшы, аяғының аралары алшақ бітеді.
  15. Алысқа көз тастап өзін сергек ұстайды, құлақ түптері жақын орналасқан, мінезі жайлы, үйірсек.
  16. Аттың түсін жердің жағдайына байланысты әртүрлі иаңдайды. Көбінесе баран немесе дала түстес құла жылқы қолайлы деп есептеледі.
  17. Кейбір салтанатты оқиғалар болмаса нағыз салбурын-саятқа жорға мінбейді.
  18. Жүрісі қатты ат қыран құсты мезі ететіндіктен жарамсыз саналады.
  19. Саят атының жүрісі жайлы, аяңшыл, жүрдек, шапқанда ұшқыр, мініске көнбіс, жүрісі шапшаң болуы қажет.
 
 

жиған-терген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 116 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: