10:53
Акция айдарымен
ӨЛМЕЙТҰҒЫН АРТЫНДА СӨЗ ҚАЛДЫРҒАН...
Жұбан Молдағалиев өзінің атақты "Мен — қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осынысымен де ерекшеленетін ақиық қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына биыл 90 жыл толды!
Зерделесек, өтіп жатқан жылда еліміздің елді мекендерінде ақынның мерейтоына арналған жалпыұлттық тағылымы құдірлі «Бір ел – бір кітап» атты айшықты акция жүзеге асырылып жатыр. Осынау кешенді көрпенің бір құрағы сыңайлы Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде жуырда әдеби кеш ұйымдастырылды.
Аталмыш шараны өткізуге мұрындық болған мектеп кітапханасы һәм білім ордасының қазақ филологиясы әдістемелік бірлестігі мұғалімдері болды. Кешті жүргізген Бегімхан Керімханұлы Ж.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы хақында танымдық-ақпараттық деректерді көрермендер және тыңдармандар назарына ұсынды. Соның арасында 10 сынып оқушылары Жүнісова Әлия мен Қасым Әлия, 9 сынып оқушысы Жұмабек Мәдина, 8 сынып оқушылары Белгібаева Орынгүл мен Тілектес Әйгерім қазақ поэзиясы аренасында өзіндік қайталанбас һәм бірегей таңбасы бар ақынның өлеңдерін, «Мен – қазақпын» поэмасынан үзінділерді нақышына келтіре мәнерлеп жатқа оқыды.
Жүргізуші пән мұғалімі Ибраһим Б.К. кеш үдерісінде интербелсенді тақта арқылы С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана тарапынан осынау акцияға арнап шығарған электрондық кітап-нұсқаулықты парақтап, комментарийлік шолу жасады.
Асылында, рухани жағынан тағылымдық әрі әдеби мәні бар, маңызы салмақты, құндылығы құзырлы кешке мәнерлеп жатқа оқитын оқушыларды әзірлеген пән мұғалімдері Белгібаева А.М., Молдабаева Н.С. және Әлдекенова А.С. айтар алғысымыз шексіз. Көркем әдебиетіміз пен құдіретті тілімізді насихаттайтын тағылымдық шаралар жалғасын тауып, бола берсін деген қарапайым тілек жүзеге аса берсін делік те, ағайын.
ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
Просмотров: 955 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: