Қ. ЫСҚАҚ / АҚСУ – ЖЕР ЖАННАТЫ

Роман сюжетіндегі барлық образдар бет пердесін сыпырып тастап, шынайы пиғылымен көрініп тұрғандай. Боқтау сөз айтсын, ожар қылық көрсетсін, бір қарағанда, оспадар жандардай әсер қалдыратын осынау қаһармандар сюжеттік-композициялық құрылымға ширақтық, өткірлік берген. Көптеген қаһармандардың өткен ғұмырын, әсіресе, жастық шағын елжірей еске алуы, сол бір балауса, кіршіксіз таза кезіндегі сырлы сезіміне бүгінгі уақыттың биігінен көз салуы үйлесімділік дарытқан.

Балалық балғын шақ, бәрінен бұрын, адамның Табиғат-Анамен байланысының ең бір берік кезеңі, ... Читать дальше »

Просмотров: 392 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 07/06/2021 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚ СЫНШЫЛАРЫНЫҢ ЖҮЙРІК СЫНАУ ҮЛГІЛЕРІ

Бесінші сын. ШОҚАЙ ШӨҢКЕЙҰЛЫНЫҢ ҮЛГІСІ (ХІХ ғасыр)

Жүйріктің басы шағын көлемді, етсіз (қу), танауы кең, маңдайлы келеді. Маңдайы аздап дөңес болып бітеді. Көзі үлкен, ағы мен қарасы ашық, томпақ та, шығыңқы да емес, қарағанда жалт-жұлт етіп тұрады. Құлақтары тік бітеді, емін-еркін қозғалады. Шүйделі келіп, желкесі етсіз болады. Жақ сүйегінің бітімі де ерекше. Жақ сүйегінің екі жақ қыры иектің астынан келіп түйісетін жерде үшкіл емес, бас бармақ немесе үлкен саусақ сиярлықтай болып бітеді. Оның үстіне жақ с ... Читать дальше »

Просмотров: 227 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 07/06/2021 | Комментарии (0)

72-ҚАДАМ: ҰЯЛМАЙТЫН НӘРСЕДЕН ҰЯЛАМЫЗ, ҰЯЛАТЫН НӘРСЕДЕН ҰЯЛМАЙМЫЗ

Қазір әлеуметтік желілерден жалпы айналамыдан байқағанымыз, кейбір адамдарға қарап ішіміз ашиды. Олар ұялмайтын нәрседен ұялады, ұялатын нәрседен ұялмайды. Қарап тұрсаңыз, түсініксіз нәрсе. Айталық, кейбіреулер спортпен айналысса, кітап оқыса, біреуге көмектессе, жақсы іс-шараларға қатысса, елге танымал адамдардың мүсінінің алдында суретке түсуге, көпшілік адамға пайдасын беретін жақсы сөздерді әлеуметтік желіде айтуға, осы секілді нәрселерді айналасына жариялауға ұялады. Түсініксіз не үшін ұялады осы. Қайтаға бұндай іс-әрекеттеріңді қуана айналаңа жариялаған дұрыс емес пе?

... Читать дальше »

Просмотров: 231 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 07/06/2021 | Комментарии (0)

ШЫҢҒЫС ХАН

Шыңғыс хан – көптеген түркі-монғол халықтарының мифологиялық қаһарманы. Оның бейнесі ақиқат тарихи тұлғадан, ХІІ ғасырдағы қолбасшы, монғол империясының негізін қалаушыдан бастау алған. Шыңғыс ханның тегі Көктен жаратылған делінеді. Өз заманында Шыңғыс ханға табынуды монғол империясында жиһангердің немересі – Юань әулетінің негізін салушы Құбылай заңдастырған.

Мифологиялық Шыңғыс хан ата-баба аруақтарын қастерлеу дәстүріне үйлестіріп енгізілген. Шыңғыс хан монғолдың ұлы хандары әулетінің ұлы бабасы деп жарияланған, оған « ... Читать дальше »

Просмотров: 181 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 07/06/2021 | Комментарии (0)

НАМАЗДЫҢ МӘКРҮҺ УАҚЫТТАРЫ

Парыз намаздар үшін мұстахап уақыттар болғанындай, жалпы намаз оқудың мәкрүһ уақыттары да бар. Бұлар екіге бөлінеді. Біреуінде ешқандай намаз оқуға болмайды. Екіншісі – нәпіл намаз оқуға болмайтын, бірақ қаза намаз болатын уақыт.

Ешбір намаз оқылмайтын үш уақыт бар:

  • Күкн көкжиектен шығып, найза бойы көтерілгенге дейінгі уақыт. Бұл шамамен 40-45 минуттай уақыт.
  • ... Читать дальше »
Просмотров: 215 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 07/06/2021 | Комментарии (0)

Арғанаты – тау, Ұлытау ауд., Қарағанды обл. Атаудың шығу төркінін талдаған ғалымдар халық этимологиясындағы: 1) «арғын ата»; 2) «арыған ат» сияқты болжамдарды көрсетеді де, ғылыми этимология бойынша: «монғол тілі негізіндегі арга // аргалын тұлғасына түркі тілінің ты (ту < -ту < тау) морфемасының қосылу нәтижесінде жасалған «арқартау» мағынасындағы атау ретінде пайымдайды. Бұл пікір бұдан он жыл бұрын айтылған А.Әбдірахмановтың ой толғамын қайталау сияқты. Онда: «Атаудың түбірі арғана көне алтай заманында «арқар», «тау ешкі» ұғымын білдіріп, кейін монғол тілінде «арғал», ал түркі тілінде «арқар» түріне көшсе керек. Ал –ты жұрнағы – осы заттың бар екендігін білдіретін, ... Читать дальше »

Просмотров: 215 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 07/06/2021 | Комментарии (0)