ОРЫНДЫ ҚАДАМ

Әлбетте, кең-дарқан еліміз үшін биыл айырықша жыл – тұғырлы Тәуелсіздігімізге жиырма бес жыл. Дегенмен қазір жаһанда алапат дағдарыс орын алып отыр. Не керек, осынау дағларыс алпауыт елдерді де, шағын елдерді де шарпып отыр. Айталық, ұлы көршілер – Қытайға да, Ресейге де, олардың сыртындағы өзге елдердің барлығы дерлік өз кесапатын ойсырата тигізуде. Күллі мемлекеттің осынау қыспақтан қалай шығуды ойластырып, күн-түн демей жанталасып жатқан жайы бар. Елбасымыз мемлекеттің жұмысын, оның басқару тетіктерін кәсібилендіру әрекетін оңтайландыру жайында Ұлт Жоспарын жүзеге асыру бойынша ел алдына асқаралы міндет жүктеді. Айталық, «Бес институттық реформаның», «100 нақты қадамның» орны әсіресе ерекше. Ендігі жерде мемлекеттің жүйесі реформаға сәйкес дамуы керек.

Зерделесек, мезгілінен ертеректеу өткізілетін сайлауды өткізу – қазіргі уақыттың талабы. Себебі сол – Елбасымыз «Ұлт ... Читать дальше »

Просмотров: 641 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/01/2016 | Комментарии (0)

ЕГЕР СЫЙЛАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ

  • Үлкенге – сәлем; қуантқанға – сүйінші; соғымнан – сыбаға; егіннен – кеусен; малдан – көгендік; балаға – базарлық; киімге – байғазы; сәбиге – көрімдік, төркіндеген қызға – қалау, көрші қонғанға – ерулік; көшкенге – «айрылысар көже»; досқа – ескерткіш, жетім-жесірге – қолқайыр; мүсәпірге – садақа; алғашқы қымыздан – «қымызмұрындық»; соңғы қымыздан – «сірге жияр»; дәулетіңізден шүлен таратып бересіз; тойға – тойхана; құдалыққа – киіт; үйлену тойына – немеурін; азаматқа – сыйлық, қуанышқа – шашу; сағынғанда – сәлемдеме; асқа – саба (қымыз), сойыс; қазаға – аза апарасыз.

 

ЕГЕР СҰРАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ

Просмотров: 738 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/01/2016 | Комментарии (0)

ЖЫЛ-ЖЫЛДЫҢ ЖЫЛНАМАСЫ

Әлбетте, шығу тарихы тым әріге созылатын халықтық жыл санау есебінде он екі жыл аты бар. Алғашқы деректерді сегізінші ғасырдағы Күлтегін ескерткіштері һәм он бірінші ғасыр ғұламасы Махмұт Қашқари еңбектерінен көруге болады. Зерделесек, осынау дәстүр сол ескі заманның өзінде-ақ аңызға айналып кеткен екен. Демек, жыл санау тарихының желісі тым әріде жатыр. Ендеше әрбір жылға зер салайық.

Тышқан жылы. Кішкене жәндік тышқан атымен аталған жыл санаудың және жыл қайырудың басы да осы тышқан. Әр жыл 21 наурыз күні аяқталып, жаңа жыл 22 наурыз күнінен басталып есептеледі. Талай жылдың тауқыметін, қызығын басынан өткізген тәжірибесі бай, ұғымды халық әр жылға тиісті баға беріп һәм сол жылдарға сай күтініп те отырған. Соның бірі тышқан жылын жұрт молшылық пен берекенің, бейбітшілік пен тыныштық жылы деп санаған. Халықтың бұл сенімі көбіне ақталып та отырған. Шынында да мыңдаған жы ... Читать дальше »

Просмотров: 905 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 26/01/2016 | Комментарии (0)