ҰМЫТЫЛМАС ЕРЛІК

Күннің нұрымен жаймашуақтанған Ұлы Жеңістің жетпіс жылдық мерейі асқақтаған мерекелік күні Бесқарағай ауылында бірнеше тағылымдық-тәрбиелік іс-шара жүзеге асырылды.

Орталық көшеге жиналған мектеп оқушылары, мұғалімдер, ауыл тұғындары қолдарына Ұлы Отан соғысына қатысқан бесқарағайлықтардың аты-жөні һәм туған жылы жазылған, сонымен қатар фотосуреті бар қолдан жасалған планшеттерді жоғары ұстап, осымен екінші мәрте «Мәңгілік полк» игі акциясына қатысты. Ұзағынан созылған шеру сол бетімен Ұлы Отан соғысына қатысқан бесқарағайлық жауынгерлер рухына арналып тұрғызылған Даңқ орнына беттеді. Ауыл тұрғыдарымен қатар осынау қасиетті орынға алыс-жақыннан арнайы келген қонақ-меймандар да мейілінше жиналды.

Биылғы жылы күрделі жөндеуден өткен Даңқ орны қазір көзге тартымды кейіпте. Соғысқа қатысқан Бесқарағай ауылының жауынгерлерінің есімдері қашалған мәрмәр тас жаңартылып, ондағы есімдер тола түсті. Жаңа төсем ... Читать дальше »

Просмотров: 903 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 14/05/2015 | Комментарии (0)

ЛЕБЯЖІ ӨҢІРІНЕН АТТАНҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІКТЕРІ

Ұлы Жеңістің жетпіс жылдық мерейі асқарланған биылғы жыл – тарих үшін айырықша сәт, ерекше мезет. Жеңіс күні күні кеше мерекеленіп өтсе де, осынау Жеңіске сүбелі үлес қосқан тау тұлғалар хақында танымдық әңгіме айту жалғаса бермек, жалғаса бермек. Демек, Лебяжі өңірінен аттанған жауынгерлердің ерліктері жайында сөз үзілмек емес.

1919 жылы Күннің шығысы бағытында орналасқан Шарбақты ауылында туған Свәтілғазы Иманханов 1939 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Сол жылы ғой КСРО-ның сыртқы саясаттағы жағдайының ушығуына Скандинавиядағы Финляндия елі себепкер болды. Нашарлағаны сондай – 1940 жылы екі ел арасында кәдуілгідей соғыс өрті тұтанып кетті. Осы соғысқа С.Иманханов та қатысты. 1941-1945 ж.ж. қамтыған Ұлы Отан соғысында жауынгер Свәтілғазы атты-кавалериялық әскердің қатарында қару асынып, ауыр ұрыстардың жуан ортасында болды. Венгрияның Будапешт қаласын ... Читать дальше »

Просмотров: 738 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 14/05/2015 | Комментарии (0)