АУЫЛДЫҢ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

Наурыздың он төртінде ауа райы қанша жерден құбылмалы болғанына қарамастан, қар жылудың екпінімен бой бермей еріп, айналаны шалшыққа бөледі. Ықылымнан бері табиғи заңдылығынан жаңылып көрмеген ырым-жоралғы бойынша қырық торғайға ішуге де, «»асыр салып ойнауға» да еріген су мейілінше жететін болды. Сол мезгілден бері күн мен түн теңелгенше дейін айнала қардан арылып, қара жердің ажары жадырауға бет алды. Күннің нұр-сәулесі молайып, ауа райы сондай жылып сала берді. Әз-Наурыздың құдіреті осындай екен!

Ұлыстың ұлы күнінде, 22 наурызда, Бесқарағай ауылында Наурыз мейрамы игі дәстүр ізімен тойланды. Мектептің кең де жарқын спортзалында күні бұрын жайғастырылған үстелдеріне ауылдың көшелері бар, Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебі бар, Қызылағаш ауылдық округінің аппараты бар – жалпы жиыны алты ірі дәм-тұзды қазақы дастарқан жайылды. Олардың үстінде сыйлы қонаққа тартылатын бас табақтан ... Читать дальше »

Просмотров: 1109 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 24/03/2014 | Комментарии (0)

Мексика – 1986

... Читать дальше »
Просмотров: 863 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 24/03/2014 | Комментарии (0)

МЕКТЕПТЕГІ НАУРЫЗ-ДУМАН

Ен де дархан далаға, сән де зәулім қалаға наурыз айы келісімен, Табиғат-Ана түрленіп, жазғытұрымға қарай бет түзеп, жылуы мен шуағын аямай шашып, алтын Күн сәулеленіп нұрлануда. Сірескен қар сай-жылғалай бұлақтанып, қасиетті Жер-Ана бір бусанып жасаруда.

Қандай да бір игі дәстүрдің болып, заңды жалғасын тауып отырғаны қандай жақсы. Ұлыстың ұлы күні  үмітке жетелейтін наурыз айымен келеді. Наурыз мейрамын мерекелеу-тойлауда Қазақ елі, Қазақстанның орны басқа да Шығыс елдерінің, Түркі тектес ел-жұрттың ортасында өздігінен айырықша, өз алдына дербес қой, шіркін!

Жуырда Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде жаз хабаршысы көктемнің осынау мейрамына арналған «Наурыз-думан» атты ұлттық өнеге-тағылымға самсап тұрған оқушылар сын-байқауы ұйымдастырылды да өткізілді. Атаулы шараға оқу ордасында оқу-тәрбие алып жүрген 5 – 10 сынып оқушылары қатысып, өзара қызықты тартысқа түсті. Ал о ... Читать дальше »

Просмотров: 720 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 24/03/2014 | Комментарии (0)

Испания – 1982

... Читать дальше »
Просмотров: 890 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 24/03/2014 | Комментарии (0)