ОПАДАЛАПТАНУ

Қыз қылығымен қаншалықты сүйсіндірсе де, шешендігімен шебер қазақтың «Қызға қырық үйден тыю» дегені соншалықты ұдайы өміршең екендігі ақиқат. Шарана боп жарық дүниеге келіп, балмұздақтай балалыққа балғындығын беріп, дарияның қос жағасындай ата-ана һәм ұстаз-тәрбиешіден үлгі-өнегені теріп, бойжеткендікке бойлайды. Өмірдің бар болмысын танып-татуға қадам жасайды.

Қыз дегенде үлгілі отбасының өнегелі өрнегін өздігінше өрістеткен жан баласы көз алдында көлбеңдейді. «Ана көрген тоң пішердің» небір қыр-сырын көре жүріп, сұрай жүріп, істей жүріп ойына түйе, бойына жинай қалыптаса бастаған нәзік жан ғой әлбетте.

Көркем сө ... Читать дальше »

Просмотров: 917 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 04/11/2013 | Комментарии (0)

АҢДАМАЙ СӨЙЛЕГЕН...

Ауру қалса да, әдет қалмайды.

Күнделікті ауызекі сөйлеу стилінде жан баласы қолданатын сөздер түрлілігімен, мол нұсқалылығымен, шұбыртпалы-шалмалы түзілуімен, аралас-құралас тізбелілігімен кімді тамсандырады, кімді таңдандырады, кімді жирендіреді, тағысын тағы. Дегенмен кей сөздерді орынсыз қолданысқа түсіріп алу – үрейлендіреді.

Бірде бір таныспен жүзбе-жүз тілдескенде өзі қызмет жасайтын мекемеге азуы алты қарыс һәм мүйізі қарағайдай комиссия тексеріске келетінін айтып, сөз соңында «өлтіретін болды» деп қағып қалмасы бар ма. Әрине келтірінді-ауыспалы мағынада қолданғанын білдім. Сөз арасында айтылғанмен, ... Читать дальше »

Просмотров: 1146 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 04/11/2013 | Комментарии (0)