Әлқисса, 2013 жылдың 22 наурызында аудан орталығы Аққудағы дара да дана Абай мүсіні алдында Лебяжі АББ мұрындық болуымен аудандық "Ақиық аққу" балалардың көркем-әдеби орталығының тұсауы кесілді. Беташар шарада Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған аттас жас ақындар сын-байқауы өткізілді. 8 оқушы қатысуға ниет білдірді. Тұғырдағы жүлдегерлер де, қатысушылар да номинациялар бойынша аудан әкімі Құрманова А.А. қолынан дипломдармен және бағалы сыйлықтармен (радиотелефон, сандық фотоаппарат, ұялы телефондар) салтанатты түрде марапатталды. Айталық, 8 қазақ сынып оқушысы Шаймұрат Айбарыс "Ұлыс күні - Наурызда" атты өлеңді оқып, "Наз Наурыз нақыштары" номинанты атанды. Мектебіңізде көркем-әдеби шығармашылықпен айналысатын оқушылардың өлеңдерін, шағын әңгімелерін, ертегілерін, аудармаларын осы электронды мекен-жайға тіркеп жібере беріңіздер. Осында түскен туындыларыңыз редак ... Читать дальше »
Просмотров: 1318 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/03/2013 | Комментарии (0)