19:04
"Ақиық аққу" (arda_akku@nur.kz) самғауын бастады!
Әлқисса, 2013 жылдың 22 наурызында аудан орталығы Аққудағы дара да дана Абай мүсіні алдында Лебяжі АББ мұрындық болуымен аудандық "Ақиық аққу" балалардың көркем-әдеби орталығының тұсауы кесілді. Беташар шарада Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған аттас жас ақындар сын-байқауы өткізілді. 8 оқушы қатысуға ниет білдірді. Тұғырдағы жүлдегерлер де, қатысушылар да номинациялар бойынша аудан әкімі Құрманова А.А. қолынан дипломдармен және бағалы сыйлықтармен (радиотелефон, сандық фотоаппарат, ұялы телефондар) салтанатты түрде марапатталды. Айталық, 8 қазақ сынып оқушысы Шаймұрат Айбарыс "Ұлыс күні - Наурызда" атты өлеңді оқып, "Наз Наурыз нақыштары" номинанты атанды. Мектебіңізде көркем-әдеби шығармашылықпен айналысатын оқушылардың өлеңдерін, шағын әңгімелерін, ертегілерін, аудармаларын осы электронды мекен-жайға тіркеп жібере беріңіздер. Осында түскен туындыларыңыз редакциялық өңдеуден өтіп, қажеті болса, ұсыныстар беріледі. Тұщымды шыққан туындыларыңыз республикалық, аймақтық басылымдарға, шығармашылық интернет ресурстарға авторлық құқықтарды сақтай отырып жолданады. Демек, кең құлашты танылудың тамаша сәті. Алғашқы топтамалар жуырда пердесі ашылатын арнайы сайтта жарық көреді. Сонымен бірге жас ақындардың, жас жазушылардың, жас аудармашылардың фотосуреттері де қабылданады. Қадамдарыңызға Аллаһ жар болсын!
Игілікті сыйластықпен аудандық "Ақиық аққу" балалардың көркем-әдеби шығармашылық орталығының жетекшісі Шаһмантегі-Ибраһим Бегімхан Керімханұлы 
Просмотров: 1318 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: