«САРЫАРҚА САМАЛЫНЫҢ» ІЛТИПАТТЫ НАЗАРЫ
Сексеннен әлдеқашан асып кеткен қазақ тілінің шын ажнашыры һәм аймағымыздың айнасы «Сарыарқа самалы» газетінің ынтымақты редакциялық ұжымы жуырда аудан орталығы Аққудағы Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебіндегі мәжіліс залында Павлодар облысының 75 жылдық мерейтойы қарсаңында шығармашылық кеш ұйымдастырды. Аудан әкімі Құрманова А.А. және аудандық мекеме-бөлімдердің басшы-жетекшілері қатысқан осынау шара барысында бас редактор Әбіш А.Ә. бастаған редакция ұжымы қызық пен тамашаға толы шоу өткізді десек артық айтқандық болмас. Танымал тілшілер Жарқынбек Амантай және Данияр Жұмаділов әзіл-қалжыны үйлескен әрі ойнақы үлгідегі жүргізушілік қабілеттері көрермендер көңілінен шықты. Аудан әкімі Айзада Амангелдіқызы өз алғыс сөзінде аймақтық газет редакциясына деген шексіз риазлығын білдіріп, бағалы сыйлығын да табыс етті. Ал бас редактор Асыл Әлімжанұлы өз кезегінде Лебяжі ауданы оқырмандарына риясыз ілтипатын жүрекжард ... Читать дальше »
Просмотров: 993 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/12/2012 | Комментарии (1)

ЕУРОПАЛЫҚ БІЛІКТІЛІК СТАНДАРТЫН ЕНДІРУ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ҮЛГІСІ РЕТІНДЕ
 Ұстаз бабамыз Ыбырай Алтынсариннің жалпыға танымал ғибратты өлеңіндегі «көзді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызды» деп түзілген тармағын мұрындық ете отырып қазіргі замандағы білімдену үдеріс-үрдісіндегі жаңалықтар бірін-бірі әрі жаңартуда, әрі жаңғыртуда. Асылында, қандай да бір жаңа серпін сапаны еселеуге бағытталғаны. Педагог мамандардың біліктілік арттыруы да соңғы кезде интербелсенді қарқынмен ілгерілеуде. Айталық, бүкіл елімізде болсын, жекелей аймағымызда болсын жаңа үлгідегі үшайлық курстардың өткізіліп, енді іске асырыла бастағаны қашан. Оның үстіне облыстық педагог мамандардың біліктілігі арттыру институттары республикалық «Өрлеу» ұлттық біліктілік арттыру орталығының (ҰБАО) аймақтық филиалдары құзырына ие болғаны да жүйеленудің айнасы ғой. Биылғы жылдың 19-30 қараша аралығында еліміздің алып шаһары Алматыдағы «Өрлеу» ҰБАО мектеп директорының оқу-әдістемелік істері ... Читать дальше »
Просмотров: 2605 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 08/12/2012 | Комментарии (0)