ИМАНДЫЛЫҚ ЖҰМАСЫ
«Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді дана халқымыз. Кез келген өмірдің басталуымен бірге жарығының сөнетін қимас сәті бар. Ол – жалғанның айнымас қағидаты, пәниден бақиға деген көпір. 13 сәуірде яки жұма күні ауыл тұрғындары Бесқарағай ауылының күншығыс жағында орын тепкен аруақтар мекені қабірстанды тазалауға арналған «имандылық жұмасы» ұйымдастырылды. Ауыл имамы Оспанов Жамбыл ақсақал мұрындық болған осынау шараға бірқыдыру бесқарағайлықтар бір адамдай ат салысты. Зираттың айналасы басы артық кірпіш қалдықтарынан, кір-қоқыстан тазартылуымен ғана шектелмей, зират ішінде ұзақ уақыт бойы жиналып қалған қоқыстар да имамның қырағылығымен ретке келтірілді. Екі сағатқа созылған тазалау жұмыстары нәтижесінде бір жүк көлігіне бара-бар қоқыс ауылдан тыс жерге тасымалданды. Шараның соңында ақсақал имам имандылық жұмасына қатысқандарға аят-дұға оқып, аруақтар алдында парызды өтеді.
ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ ... Читать дальше »
Просмотров: 1215 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 15/04/2012 | Комментарии (0)

13 сәуірде Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында ІІІ аудандық Махамбет оқулары ұйымдастырылды. Атаулы нән шараға 7 сынып оқушысы Шаймұрат Айбарыс қатысып, Махамбет өлеңдерін жатқа оқу номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды (ұстазы Ибраһим Б.К.). Бәрекелді!

Просмотров: 825 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 15/04/2012 | Комментарии (0)

ҰМЫТЫЛМАС ЕРЛІК
Баянды болашақ бүгіннен бастау алатыны сияқты бүгінгі күнің де кешегінің үдерісті жалғасы да. Ал өткен күндер оның үстіне тарихи бір кезеңге бара-бар болғанда оның маңызды салмағы сондайма арта түспек. ХХ ғасырдың бірінші жартысының соңына қарай ел басынан күркіреп күндей өткен Ұлы Отан соғысының нала-нәубеті, қаза-бейнеті көз алдымызда күннен күнге азайып бара жатқан соғыс һәм тыл ардагерлері көзінде әлі де сара жолдай сайрап тұрғандай. Биыл ардагерлер ұйымдарының кұрылғанына ширек ғасырдың жүзіне айналып отыр. Осынау мерейгерлік шаққа байланысты жуырда Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұмытылмас ерлік» деген тақырыппен тағылымдық-тәрбиелік мәні салмақты шара өткізілді. Атаулы шараға бесқарағайлық тыл ардагерлері бір адамдай шақырылды. Өкінішке орай, кездесуге екі әжеміз Жүнісова Бизат және Жанпейісова Мұғзира ғана келе алды. Мектептің мәжіліс залының мейілінше безендірілген сахнасында орнатылған үстел басына жайласа жайғ ... Читать дальше »
Просмотров: 1083 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 15/04/2012 | Комментарии (0)