00:20
Игі де ізгі ниетпен
ҰМЫТЫЛМАС ЕРЛІК
Баянды болашақ бүгіннен бастау алатыны сияқты бүгінгі күнің де кешегінің үдерісті жалғасы да. Ал өткен күндер оның үстіне тарихи бір кезеңге бара-бар болғанда оның маңызды салмағы сондайма арта түспек. ХХ ғасырдың бірінші жартысының соңына қарай ел басынан күркіреп күндей өткен Ұлы Отан соғысының нала-нәубеті, қаза-бейнеті көз алдымызда күннен күнге азайып бара жатқан соғыс һәм тыл ардагерлері көзінде әлі де сара жолдай сайрап тұрғандай. Биыл ардагерлер ұйымдарының кұрылғанына ширек ғасырдың жүзіне айналып отыр. Осынау мерейгерлік шаққа байланысты жуырда Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұмытылмас ерлік» деген тақырыппен тағылымдық-тәрбиелік мәні салмақты шара өткізілді. Атаулы шараға бесқарағайлық тыл ардагерлері бір адамдай шақырылды. Өкінішке орай, кездесуге екі әжеміз Жүнісова Бизат және Жанпейісова Мұғзира ғана келе алды. Мектептің мәжіліс залының мейілінше безендірілген сахнасында орнатылған үстел басына жайласа жайғасқан құрметті де аяулы әжелерімізге шексіз сыйластық ишараты жасалды. Шараның басында абзал жандарды ауыл әкімі Балтабаев Е.Н. және мектеп директоры Белгібаева А.М. шын жүректен құттықтап, жүрекжарды тілектерін күн нұрындай шашты. Кейінше мектеп оқушылары әжелерімдің назарына концерттік бағдарламаны ұсынды. Айталық, 11 сынып оқушысы Жүнісова Әлия, 3 сынып балдырғаны Ерсайын Аяулым ән шырқаса, 6-7 сыныптардағы қыз балалардан құралған шағын ұлттық аспапты оркестр күй орындаса, 3 сынып қыздары қазақша би, ал 2 сынып ұлдары «Қаражорға» биін шын жүректен орындап берді. Құрметті қонақтар да, көрермендер де қошеметтерін аямады. Шараның үшінші бөлімінде мектеп оқушылары менен абзал ардагер әжелеріміз арасында интербелсенді әңгіме түзілді. Онда оқушылар сонау соғыс кезіндегі жағдайлар хақында әзірлеген сұрақтарына әжелер аузынан тұщымды жауаптарын естіп, кәдуілгідей есейіп те, марқайып та қалды. Ал маңызды шараның шымылдығы дәмді-тұзды дастархан басындағы жылы да жайдары отырыспен түрілді. Асылында, тағдырдың ба, заманның ба қатал заңы қағидаты соғыс және тыл ардагерлердің санын аяусыз азайтып отырса да, арамызда сондайма тірі шежіре, асыл көз болып жүргені еш байлыққа бергісіз бақыт емес пе. Ендеше құрмет һәм қадірден аянып қалмайық.
ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
«Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасы,
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
Просмотров: 1084 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: