Күні күндей, түні түндей жылжып жатқан осы жылдың 13 қарашасында Лебяжі орта мектебінде Павлодар қаласындағы ұл және қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің әкімшілігі Лебяжі аудандық білім бөлімінің шақыруымен жұмыс сапарымен болды. Осынау шараға бесқарағайлық он бірінші сынып оқушылары, олардың ата-аналары, мектеп басшысы, оқу ісінің меңгерушісі, математика, физика, химия пәндері мұғалімдері де қатысты. Түлектер тест жұмысымен айналысса, өзгелеріне мектептегі ата-ананың маңызды орны хақында тұщымды лекция өткізілді.
Просмотров: 807 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 14/11/2010 | Комментарии (0)

Биылғы жылдың 12 қарашасында Лебяжі орта мектебінде жылдағы дәстүрге айналып үлгерген 5-7 сыныптар оқушылары арасында негізгі пәндерден аудандық кіші олимпиада өтті. Бұған біздің мектептен тоғыз олимпиадашы оқушы қатысты. Нәтижесінде, 6 қазақ сынып оқушысы Шаймұрат Айбарыс математикадан екінші орынды (пән мұғалімі Берден Ш.), 5 қазақ сынып оқушысы Қыстаубаева Айдана орыс тілінен екінші орынды (пән мұғалімі Мазанова Б.Т.) иеленсе, 7 орыс сынып оқушысы Рыбалевская Яна қазақ тілінен үшінші орынды (пән мұғалімі Құсманова Б.М.) қанағат тұтты. Сонымен қатар 5 қазақ сынып оқушысы Аубакірова Әйгерім қазақ тілінен төртінші орынға (пән мұғалімі Молдабаева Н.С.) табан тірегенін айта кету абзал. Бәрекелді!
Просмотров: 883 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 14/11/2010 | Комментарии (0)