САУАТТЫЛЫҚ САПАСЫ АЯСЫ
Оқу-білім һәм тәрбие саласындағы кемшілікті көре тұра үндемей жүре бергенде, айналамызда сауатсыздар, өзіндік пікірі, көзқарасы жоқ, айдауға жүретін, мақсатсыз өмір сүрушілер көбейіп кетпесіне кім кепіл?! Жасыратыны жоқ, жазу мәдениеті оқушы дәптерінен басталады. Оқушы бастауыш сыныптарда әдемі жазуға қалыптаспаса, артынша қиын болатыны аян. Оның үстіне сыныбы ілгерілеген сайын кейбір шәкірттердің жазуы бұзылады. Мойындауға тура келеді, оқушылардың ішінде сауатсыз жазатын, жазуын тіпті өзі де түсінбейтін оқушылар жоқ емес. Кейде грамматикалық қате оқушының сауатсыздығынан гөрі дұрыс көңіл қоймайтынынан, ұқыпсыздығынан кетеді. Қатесі бар, жазуы айдақ-сайдақ, түсініксіз болса да оны кемшілік деп ескермей, мазмұнына қарай бағаны көтермелеп қоятын жайттар да төбе көрсетеді. Сондағы айтпағым, оқушы жазуының мәдениетіне, сауатты жазуына, дәптерін дұрыс ұстауына айрықша мән беру өте-мөте қажет. Абзалында, оқушы дәптері – білім негізін а ... Читать дальше »
Просмотров: 976 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/11/2010 | Комментарии (0)