Жаңа оқу жылының басталысымен мектебімізге болашағынан үміт күттіретін бірқатар жас мамандар қатарымызға қосылып, ұжым әрін жастық жігермен нәрлеп, нұрландыра түсті. Атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Молдабаева Нұргүл Серікқызы, тарих пәнінен Омиров Болат Қалинұрұлы, химия-биология пәндерінен Апсаликова Әсем Тілеуғабылқызы, музыка пәнінен Ахметов Қуат Анатолийұлы, мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Әлдекенова Жадыра Серікбайқызы. Осынау жас мамандарға даму, нәтижелілік, құзырлылық тілейміз! Іске сәт!
Просмотров: 1026 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/09/2010 | Комментарии (0)

Қадірлі ұстаздар, аяулы оқушылар!

Баршаңызды 1 қыркүйек – алғашқы қоңырау күнімен бастау алған үр жаңа оқу жылымен құттықтаймыз. Осы күн мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған бүлдіршіндер, оқушылар мен жас ұрпақты білім нәрімен сусындататын ұстаздар үшін ерекше күн. Мектеп баршамыз үшін әрқашан үлкен өмірге жолдама беретін алтын ұя болып табылады.

Мектепте алған білім алға қойған мақсатқа жетудің шексіз мүмкіндіктерін ашады, сәттілікке, құрметке және жоғары нәтижелерге жетелейді. Осы жолда білім күнімен құттықтай отырып, құрметті балалар өзгелермен еркін қарым-қатынас жасай білетін, дені сау, рухы таза, ой-өрісі биік, табанды, шыдамды, еңбекшіл еліміздің туын берік ұстайтын ұрпақ болуларыңа тілектеспіз.

Жер бетіндегі жақсылық пен игілікті істер үлкен жүректі ұстаздардың алдынан шығатындықтан баршаңызға зор денсаулық, бақыт пен шығармашылық табыс ті ... Читать дальше »

Просмотров: 962 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 05/09/2010 | Комментарии (0)