10:12
Аллаһ жар болсын!
Қадірлі ұстаздар, аяулы оқушылар!

Баршаңызды 1 қыркүйек – алғашқы қоңырау күнімен бастау алған үр жаңа оқу жылымен құттықтаймыз. Осы күн мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған бүлдіршіндер, оқушылар мен жас ұрпақты білім нәрімен сусындататын ұстаздар үшін ерекше күн. Мектеп баршамыз үшін әрқашан үлкен өмірге жолдама беретін алтын ұя болып табылады.

Мектепте алған білім алға қойған мақсатқа жетудің шексіз мүмкіндіктерін ашады, сәттілікке, құрметке және жоғары нәтижелерге жетелейді. Осы жолда білім күнімен құттықтай отырып, құрметті балалар өзгелермен еркін қарым-қатынас жасай білетін, дені сау, рухы таза, ой-өрісі биік, табанды, шыдамды, еңбекшіл еліміздің туын берік ұстайтын ұрпақ болуларыңа тілектеспіз.

Жер бетіндегі жақсылық пен игілікті істер үлкен жүректі ұстаздардың алдынан шығатындықтан баршаңызға зор денсаулық, бақыт пен шығармашылық табыс тілей отырып, мақтан тұтатын дара туған, дана болған шәкірттеріңіз көп болсын.

Білім күнінің алғашқы сабағы болған «Елбасы мұраты – халық бақыты, гүлденген Қазақстан» болғандықтан, құрметті ата-аналар, шаңырақтарыңыздың шаттығы болатын жан-жақты білімді бала бақытын көруге шын жүректен тілектеспіз.

Күміс қоңырау үні мәңгілік болғай!

Просмотров: 964 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: