Күні кеше ғана сондай ұзақ болып көрінген 2009/2010 оқу жылы да өз мәресіне жетті. Үстіміздегі жылдың 16 маусымында 9 сыныптарға негізгі орта білімді меңгергендігін айқындайтын куәліктер салтанатты түрде табыс етілді. Тоғыз оқушының жетеуі - Жүнісова Әлия, Жанпейісов Әділ, Қасым Әлия, Қыстаубаева Армангүл, Ахтарьянова Регина, Корнеев Владислав - осынау оқу кезеңді екпінді нәтижемен тәмамдады. Ал 19 маусымда 11 қазақ сынып оқушыларына жалпы орта білімді меңгергендігін анықтайтын аттестаттар аудан орталығында салтанатты түрде табыс етілді. Олардың ішінде екпінді нәтижемен көзге түскен Шәймұратқызы Жаңанұрды, Увакова Арайлымды ерекше түрде атап өткеніміз лазым. Бір жақсысы, биылғы түлектерді мекептен шығарып салу рәсімі орталықтандырылған түрде өткізілді. Лебяжі аудандық білім бөліміне қарасты бүкіл мектептердегі түлектер Аққуға шақырылды. Сонда аттестаттар табыс етілді, мерекелік концерт қойылды, дәм-тұзды фуршет ұйымдастырылды, дискотека шарықтады. Бір сөзбен айтқанда, түлектерге айырық ... Читать дальше »
Просмотров: 828 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 20/06/2010 | Комментарии (0)