Сонымен, биылғы жылдың басты оқиғаларының бірегейі болып шынымен-ақ табылатын ұлттық бірыңғай тестілеудің өткеніне де бір жетінің жүзі болып қалды. 7 маусымда облыс орталығында ауданымыздың өзге де он мектебінен үміт қуып барған түлектермен қатарласа сыннан өткен біздің бес түлегіміз абыроймызды асырып қайтты десек асыра айтқандық болмас. Зерделесек, жарап барған сәйгүліктеріміз аламан кезінде жиған-терген білімдерін ортаға аянбай-ақ салды. Шәймұратқызы Жаңанұр 102, Увакова Арайлым 99, Жоламанов Арслан 77, Бейсенбаев Бейбіт 76, Рамазанов Саят 75 балл жинап, орташа көрсеткіш 85,5 болды. Айта кету лазым, осыған дейін өткен ҰБТ-ларда біздің түлектер осынау орташа балл көрсетпеп еді. Бұл да болса өздігінен жасалған рекорд, жетістік! Қазақстан тарихынан (пән мұғалімі Байханова Л.А.) барлық оқушы кілең "үздік" баға алды! Қазақ тілінен (пән мұғалімі Абылғазинова Қ.Ғ.),орыс тілінен (пән мұғалімі Мазанова Б.Т.) "екпінді" нәтижемен атойласа, биологиядан (пән мұғалімі Сейсенбеков С.Н.) Увакова Ар ... Читать дальше »
Просмотров: 941 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 13/06/2010 | Комментарии (0)