Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар!
Баршаларыңызды Қазақстан халықтарының Ынтымақтастық күнімен құттықтаймыз!
Бұл мейрам дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып, жылдан жылға халықтар арасындағы ауызбіршілікті нығайтуға, ел іргесін бекітуге өз үлесін қосып жатыр.
Тәуелсіз еліміздегі бейбітшілік, ұлтаралық келісім жасай берсін, Отанымыз гүлденіп, әлемдегі алдыңғы елдердің қатарынан табылсын.
Осы бір жайма шуақ күні Баршаларыңызға жылы лебізімізді білдіріп, ашық аспан мен бейбіт өмір тілейміз!
Еліміздің дамуына қосып жатқан еңбектеріңіз жемісті болып, әрқашан алға қойған мақсаттарыңызға жетіп, аңсаған армандарыңыз орындала берсін!
Әр қашан жадыраған жүздеріңізден күлкі кетпесін, денсаулықтарыңыз мықты болсын, отбасыларыңыз аман болып, осы мейрам баршаларыңызға қуаныш пен бақытты сәттерді көптеп сыйласын деген ті ... Читать дальше »
Просмотров: 915 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 02/05/2010 | Комментарии (0)

БІЗ КӨРМЕДІК СОҒЫСТЫ, КӨРМЕЙІК ТЕ
Біз көрмедік соғысты болып өткен,
Жан түршігер жаңғырығы алыс кеткен.
Барса келмес сұм соғыстың ақиқаты,
Ардагерлер тұлғасымен бізге жеткен.
КСРО-ға жау жабылды тасадан,
Хабар етпей басып өтті шекарадан.
Отан үшін, ел үшін, Жеңіс үшін
Ағылды жауынгер қала-даладан.
Төтеп берді долы фашис күшіне,
Сенім артты тегеурінді өз күшіне.
Қан майданда, ұрыстарда асу асып,
Басқыншыларды қуып тықты өз ішіне.
Еділдегі әсем Сталинград қирады,
Мәскеу, Ленинград үлкен көмек сұрады.
Бір адамдай алға қарай бір адымдап,
Жеңіс үшін ұлттар бірлік құрады.
Просмотров: 840 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 02/05/2010 | Комментарии (0)

Жаныңда жүр жақсы адам
ІСКЕРЛІКПЕН БІРЕГЕЙЛЕНГЕН ШЕБЕР ҰСТАЗ
Абылғазинова Құралай еңбек жолын 1994 жылы бастауыш сынып мұғалімі қызметінен бастады. 1998 жылдан қазақ тілі мен әдебиетінен Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде сабақ береді. Еңбек жолын бастаған кезден мұғалім үнемі ізденіс үстінде, қазақ тілі мен әдебиетіне деген оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық қабілеттерін, ынталарын арттыруға көп көңіл бөледі. Оқушылардың қызығушылықтарын ілгерілетудің тиімді әдіс-тәсілдерін, ойлау әрекетін, тіл мәдениетін, сөйлеу әдебін арттыруда, қазақ тілі мен әдебиеті теориясын бір тұтастықта танытудың ұтымды жолдарын, көркем әдебиет туындыларды қисындық талдау технологияларын өз сабақтарында, сыныптан тыс іс-шараларда үйлесімді пайдалана біледі. Сонымен қатар әдебиет сабақтарында Қанипа Бітібаеваның әдістемесін, қазақ тілі саба ... Читать дальше »
Просмотров: 2287 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 02/05/2010 | Комментарии (0)