10:51
Мереке құтты болсын! / С праздником!
Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар!
Баршаларыңызды Қазақстан халықтарының Ынтымақтастық күнімен құттықтаймыз!
Бұл мейрам дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып, жылдан жылға халықтар арасындағы ауызбіршілікті нығайтуға, ел іргесін бекітуге өз үлесін қосып жатыр.
Тәуелсіз еліміздегі бейбітшілік, ұлтаралық келісім жасай берсін, Отанымыз гүлденіп, әлемдегі алдыңғы елдердің қатарынан табылсын.
Осы бір жайма шуақ күні Баршаларыңызға жылы лебізімізді білдіріп, ашық аспан мен бейбіт өмір тілейміз!
Еліміздің дамуына қосып жатқан еңбектеріңіз жемісті болып, әрқашан алға қойған мақсаттарыңызға жетіп, аңсаған армандарыңыз орындала берсін!
Әр қашан жадыраған жүздеріңізден күлкі кетпесін, денсаулықтарыңыз мықты болсын, отбасыларыңыз аман болып, осы мейрам баршаларыңызға қуаныш пен бақытты сәттерді көптеп сыйласын деген тілек білдіреміз.





Просмотров: 916 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: