07:57
Тіл тарихы

ИЕРОГЛИФТЕР

Мысыр иероглиф жазуы көбінесе сурет салу арқылы жазу деп қарастырылады. Таңбалардың көбі, расында да, бір нәрсенің мағынасын айқын береді, таңбаның мағынасын айқын береді, таңбаның мағынасын айқын береді, таңбаның мағынасы бейнеленген нәрсемен байланысты болады. Бірақ бейнеленген заттарға қарап, мәтіннің мазмұнын түсіну мүмкін емес. Ондағы таңбалардың көбі дыбысты білдіреді, ал енді біреулері дерексіз, абстрактілі немесе грамматикалық мағына береді.

Әйтсе де бастапқы ой суреттермен басталады. Айталық, ортасында нүктесі бар дөңгелек таңбасы «күн» дегенді білдіреді, ал адамның бейнесі бар сурет «бет», «жүз» дегенді білдіреді. Бірақ бұл әдіс тіл бөлшектерінің кішігірім ғана бөлігін береді. Қалған бөліктерін бөліктерін беру үшін өзге әдістер ойлап табылса керек.

Маңызды құралдардың бірі – нысандардың бейнесін дерексіз, абстрактілі ұғымдарды беруге пайдалану. Айталық, ортасында нүктесі бар дөңгелек таңбасы Күн шыққан күндізгі мезгілді білдіреді. Бұл – шындыққа жақын таңба, кейбір тілдер «күн» және «күндіз» деген екі ұғымға да осы бір сөзді қолданады. Мысалы, сетсвана тілінде letsatsi деген сөз «күн» дегенді де, «күндіз» дегенді де білдіреді.

Суретпен бейнелеу мүмкін емес көптеген ұғымды осылай жеткізуге мүмкіндік береді.

Тағы бір амал – іс-әрекетті сурет арқылы бейнелеу. Екі аяқтың суреті бар таңба «келу» дегенді білдіреді. Мағынаны бұлай беру көптеген етістіктің мағынасын жеткізуге мүмкіндік берді.

Ауызекі тілдегі сөздер мен мағыналардың бәрін жеткізу үшін бұл амалдар жеткіліксіз болды. Тілдегі дыбыстарды көзбен көру арқылы жеткізуді де үйрену керек, өйткені іс жүзінде адамның табиғи тілінде кей контекстерді дыбыссыз жеткізу мүмкін емес.

Бұл үшін мысырлықтар таңбаларды өзге принцип бойынша қолданды. Мысалы, ерінге ұқсас таңбаның алғашқы мағынасы «ауыз» екенін түсіну қиын емес. «Ауыз» сөзінің ауызекі түрі r болған. «Ауыз» сөзінің таңбасы «қарсы» деген тағы бір мағына үстеуі мүмкін; оның да ауызекі түрі r болып шықты. Басқаша айтқанда, таңба кейде бейнеленген нысанның өзі үшін емес, бейненің дыбысы үшін қолданылады.

Жаңа сөздер қалыптастыру үшін түрлі дыбыстарды білдіретін символдарды біріктіріп, қосымша қысқа қадам жасау керек. «Есім» деген ұғымды білдіретін сөз ерін мен тәж бейнеленген таңбалармен жазылған. Екі символмен берілген дыбыстар r және n, «есім» ұғымын білдіретін сөз – rn. Бұл принципті ұзынырақ сөздерді беру үшін де қолдануға болады. «Үй» ұғымын білдіретін символдың дыбыстық көрінісі pr болған. Оны t  дыбысының таңбасымен біріктіріп prt, яғни «қыс» деген сөз алған.

Транскрипциясы көрсетілген бұл мысыр сөздерінде еш дауысты дыбыс болмағандықтан, олар бізге оғаш көрінуі мүмкін. Әрине, ол сөздер басқаша дыбысталған, бірақ мысыр жазуында дауысты дыбыстарды бейнелейтін таңба болмаған. Сондықтан біз олар туралы ештеңе білмейміз. Бұл тілде аз ғана дауысты дыбыс болған. Сөз мағыналарын бір-бірінен айыру үшін, олардың өте маңызды болмауы да мүмкін. «Ауыз» ұғымын білдіретін сөз ra деп дыбысталды ма, ru деп дыбысталды ма немесе ar деп дыбысталды ма – ол бізге беймәлім. Ал «есім» сөзі ran болды ма, rin болды ма, әлде осыларға ұқсас басқа бір сөз болды ма – оны да білмейміз. Бір білетініміз, ежелгі мысыр тілінде дауысты дыбыстардың болғаны хақ. Дауысты дыбыссыз сөйлеу мүмкін емес, сондықтан барлық тілде дауысты дыбыс бар.

Мысырлықтар дауысты дыбыстардың таңбасын қоймай-ақ, кез келген сөзді өздері лйдап тапқан таңбалық жүйенің көмегімен бере алды. Дыбыстарды суреттердің көмегімен бере алды. Дыбыстарды суреттердің көмегімен жеткізуді кейде «ребус принципі» деп атайды. Өйткені ребус те сөзді білдіретін суреттерді құрастыру принципіне негізделген. (жалғасы бар)       

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 186 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: