16:09
Рухани-танымдық сүрлеулер

ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ...

Түпсіз көл

Гренадада сөнген жанартаудың кратерінде пайда болған Этанг көлі бар. Ол түпсіз, тұңғиық көл. Бұл көл Этанг-Лейк-Форест-Ресерв Ұлттық саябағында орналасқан. Көл тропикалық ну орманмен қоршалған. Інжу моншақтай сарқырамалар мен ыстық қайнар бұлақтар да осы жерде. Мұнда қанатты ақ тұйғын, күлгінтамақ, айдарлы колибри, ұсақ бақалар, кесірткелер, басқа да өзгеше тропикалық аң-құстар мекен етеді.

 

Гольфстрим ағысы

Гольфстрим – Атлант мұхитының солтүстік бөлігіндегі экваторға жақын өтетін жылы ағыс. Флорида түбегі жағасынан Шпицберген мен Жаңа Жер аралына дейін 10 мың км келетін жылы ағыстардың қуатты жүйесін Гольфстрим деп атайды. Экваторда жел үнемі шығыстан соғып тұрады. Бұл жел, тұзды жылы суды Кариб аралдары арқылы АҚШ-тың шығыс жағалауына айдап апарады. Гаттерас мүйісіне 16 км енімен, 550 метр тереңдікте ағады.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 197 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: