15:48
Жетістіктің жүз қадамы

93-ҚАДАМ: ӘРДАЙЫМ ДҰРЫС ШЕШІМ ҚАБЫЛДАП ҮЙРЕНІҢІЗ

Адамның қазіргі өмірі оның қабылдаған шешімдеріне тікелей қатысты. Сіздің әрбір қабылдаған шешіміңіз сіздің өміріңіздің сапасын қалыптастырады. Әрдайым дұрыс шешім қабылдай беру көпшіліктің қолынан келмейтіні белгілі.

Дұрыс шешім қабылдап үйренудің бірнеше тәсілдері ьар. Олардың біріншісі – қателік жасаған басқа адамдардан сабақ алып үйрену; екіншісі – өзіңіздің жасаған қателіктеріңізден сабақ алу; үшіншісі – шешім қабылдаудың алдын істі жоспарлау, ойлану; төртіншісі – білім мен тәжірибеңді үнемі дамыту. Осы төрт нәрсеге назар аудару арқылы қателік жасауыңыз өте сирек болатыны анық.

Дұрыс шешім қабылдауда әсер ететін факторлардың бірі – әр істе сабыр сақтай білу. Қуанышта болсын, қиындықта болсын бірқалыпты эмоциямен болатын болсаңыз қателік жасауыңыз да сирек болмақ.

Үнемі дұрыс шешім қалыдап, жетістіктің тұғырынан көріне беретін кездер үнемі бола бермейді. Қанша алдын ала дайылдалсаң да, білімді, тәжірибелі болсаң да, сабыр сақтай білсең де кейбір кездері қателікке баруың мүмкін. Сол қателікте өшіп қалмай, екінші рет қайтадан байқап көру – міндетті түрде атқаратын іс. Бір жасаған қателіктен өшіп қалсаңыз жетістікке жетуіңіз екіталай.    

Өмірде ештеңеге өкінуге болмайды, бір жағдай орын алды ма – дұрыс шешім қабылда да әрі қарай өмір сүр.

Конфуций    

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 189 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: