09:17
Жетістіктің жүз қадамы

92-ҚАДАМ: АЛЛАДАН ҚОРҚУ және СЕНУ

Адамзат баласы сонан мыңдаған жылдар бұрын Жаратушы Құдайдың бар екеніне сенген. Сол уақыттан бері неше түрлі діндер пайда болса да, бәрі де құдәретті Жаратушының барына сенген. Әлемдік діндердің қай-қайсысы болсын – барлығында дерлік Жаратушыдан қорқу керектігі айтылған. Діндердің барлығында адамды жамандықтан тыйып, жақсылыққа жақын болуды насихаттайды. Алладан қорқу әр адамның бойында болу тиіс. «Алладан қорықпаған көп жайттан қорқады» дегендей, Алладан қорқу керектігі барша адамзат баласына тән нәрсе.

Алладан қорықпаған адам, қорықпайтын нәрседен қорқып және түзу жолдан тайып кетуі де мүмкін. Егер адамның қолында билігі де, ақшасы да мол болып, оның жүрегінде иманы болмаса, ол адам үлкен қателіктерге баруы мүмкін. Себебі билік пен ақша арқылы көп іс атқаруға болады. Халыққа пайда тигізетін істерді атқаруға болады. Керісінше көпшілікке зиян тигізетін істі де атқаруға да болады. Бұл кезде барлық нәрсе адамның өзіне байланысты.

Адам Алладан қорқу арқылы жамандықтан алшақ болып, адамгершіліктің жоғарғы сатысында болатыны анық. Бастысы адамның жүрегінде, Алладан қорқу және Аллаға сену болса, ол адам өзіне де, айналасына да пайдалы адам болмақ.

Біз адамзат баласы белгілі бір күшке сенеміз. Мысалы, бір-бірімізге туылған күнімізде де, мейрамдарда да және басқа да жиындарда бір-бірімізге жақсы, сөздер айтамыз. Осы жақсы тілектердің орындалуына бәріміз де сеніп, жақындарымызға, достарымызға жақсы тілектерді тілейміз. Осы жақсы тілектердің орындалуы да немесе орындалмауы да белгісіз ғой. Бірақ біз орындалатындай сенімде айтамыз.

Адам баласы сонау мыңдаған жылдар бұрын Ұлы Жаратушы күштің барына сенуде. Сеніп те келеді. Осы сенімнің арқасында небір қиындықтардан да құламай келуде. Келісу я келіспеу өз еріктеріңізде.

Әр адам баласы Жаратушының барына сене білуі тиіс. Өзі ойлаған арман, мақсаттарының орындалуына, Алладан жәрдем сұрап, Жаратушыға сену қажет. Пенде болғаннан кейін небір түрлі қиындықтар болуы мүмкін. Сол қиындықтарда сынып қалмай, алға қарай ұмтылып, Жаратушыға сене білсек, жетпейтін жжетістігіміз болмас.    

Аллаға иман келтіргеннен кейінгі істердің ең абзалы – адамдармен достасу.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.)    

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 181 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: