14:22
Жетістіктің жүз қадамы

89-ҚАДАМ: АКТИВТЕРДІ КӨБЕЙТІҢІЗ. ПАССИВТЕРДІ АЗАЙТЫҢЫЗ.

Активтер мен пассивтердің айырмашылығына көп адамдар назар аудара бермейді. Активтер сізге тек табыс әкелетін нәрселер болса, пассивтер керісінше жүйеде болады. Мысалы, сіз несиеге көлік алсаңыз, ол пассив болып табылады. Сіз оны, біріншіден, несиеге алдыңыз. Оған ай сайын белгілі бір мөлшерде бөлігін төлеп тұруыңыз қажет. Екіншіден, оның жүру жолына жанармай, көлік бұзылғанда кететін қаржыңыз, салығы т.б. ақшаңыз кететіні белгілі.

Бұлай несиеге алынған көлік сізге пассив болып табылады. Телефон да сізге пассив болып табылады. Сіз оның бұзылған жерлерін жөндеуіңіз керек, бірлік салуыңыз қажет т.б. Сіздің үйіңіз де сізге пассив болады. Егер ол үйде өзіңіз тұратын болсаңыз. Себебі сіз ай сайын коммуналдық төлем, үйдің жыл сайынғы жөнделуі, үйге алынған жиһаздар бұлардың барлығы пассив болып табылады. Әрине бұл айтылған нәрселердің бәрі пассив екен деп, біз олардан бас тарта алмаймыз ғой. Бұл айтылған нәрселер біздің қажеттіліктерімізге қажет. Бірақ осы айтылған нәрселерді пассив емес, активке айналдыра аламыз. Көлігімізді жалға беріп, одан күніне немесе айына белгілі бір мөлшерде ақша алып тұратын болсақ, ол бізге актив болып табылады. Үйімізді де жалға беріп, өзімізге пассив емес, актив етіп алсақ та болады.

Кімнің активі көп болса, оның табысы да көп. Ал кімнің пассиві көп болса, оның шығыны да көп болмақ. Активке бағалы қағаздар, жалға берілетін жылжымайтын мүлік, қатысуынсыз өздігімен жұмыс істейтін бизнес және т.б. жатады. Бұл айтылған нәрселер активтер болып табылады. Осы активтерді қолдан келгенше көбейте біліңіз. Сонда табысыңыз көп болмақ.

Ал пассивтерге сіз тұратын пәтер немесе үй, автокөлік, несиелер мен несиелік карталар т.б. жатады.

Күнделікті өмірімізде бізге пассивтер қажет болатыны айдан анық. Бірақ барынша қолдан келгенше пассивтерді азайтып, активтерді көбейтетін болсақ, табысымыз мол болмақ. Осы актив пен пассивке байланысты Роберт Кийосакидің «Бай әке мен кедей әке» деген кітабы еске түседі. Осы кітапта активтер мен пассивтерге толық анықтама берілген. Тағы басқа қаржылық білімге байланысты көптеген білімдер баршылық.    

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 185 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: