16:49
Жетістіктің жүз қадамы

73-ҚАДАМ: ЗАМАНАУИ БІЛІМДЕР                                                                 (КОПИРАЙТИНГ, ТАРГЕТИНГ, SMM, САТУ ҚАБІЛЕТІ)

Сату қабілеті

Сату қабілеті адамға ерекше керекті қабілет болып табылады. Біз күнделікті өмірде сату қабілетін қолданамыз. Оны өзіміз байқамауымыз да мүмкін. Мысалы, сіз досыңызға бүгін кешке футбол ойнауға барып қайтайық деп айттыңыз. Егер ол сіздің ұсынысыңызды қабылдаса, сіз оған ұсынысыңызды саттыңыз. Сізге де басқа адамдар өз ұсыныстарын сатуы мүмкін. Жалпы кәз көп нәрсе сатудан тұрады. Сондықтан әр адам өзіндегі сату қабілетін арттырғаны дұрыс.

Егер сіз кәсіпкер болсаңыз немесе алдағы уақытта болам деген ойыңыз болса. Онда сізге сату қабілеті ауадай қажет болады. Сату – үлкен өнер, бизнестегі мамандықтың төресі. Сату технологиясын білмейтін адам келген клиенттің 10-нан 9-ына затын немесе қызметін ата ала алмайды. Сату деген идея. Өзіңіздің басыңыздағы идеяны басқа біреуге сату.

Заман дамыған сайын сатудың небір түрлері пайда болды. Соның ең көп тарағлан 4 түрін ұсынып көрейік. Қысқасы, суретші секілді қызметіңізді сурет секілді көріп сатып алуға ынтасы артады. Жалпы клиентпен сөйлескенде оның сөзін мұқият тыңдаңыз. Тек өзіңіз сөйлей берсеңіз клиентті жіберіп алуңыз мүмкін.

Жақсы сатушы болу үшін клиенттің не іздегені, неге қажеттілігі бар немесе қандай қиыншылықтар бар соны шешу жолдарын зерттеген жөн. Егер қиыншылықтар болған жағдайда затыңызды немесе қызметіңізді өткізудің жолдарын қарастырыңыз.

Адамға жақсы сатушы болу үшін керекті нәрселердің тағы бір легі олар сатуға деген ниет, сауатты сенімді сөйлеу, нақты мақсат, бәсекелестеріңді жақсы білу т.б. сіздің жақсы сатушы болуыңызға ықпал етеді.

Егер сіз клиентпен жолығып затыңызды немесе қызметіңізді сататын болсаңыз, онда сізге мына 3 нәрсеге баса назар аудару қажет. Олар: сыртқы бейне, дауыс тербрі, эмоция және сөз құдіреті. Осы 3 нәрсе сізде жақсы деңгейде болғанда, сіз мықты сатушыға айналасыз.

Сату қабілетін жақсы меңгеру үшін оның әрбір істелетін істерін де меңгеру қажет. Жалпы сату баспалдақтарына келетін болсақ олар алдымен клиентпен амандасу, қарым-қатынас орнату, қажеттілігін анықтау, сатып алуына көмектесу, күмәнмен күрес және жақсы презентация болса осы баспалдақтарды дұрыс пайдалансаңыз, сіз сөйлескен клиенттің 10-нан 9-ына дейін затыңызды немесе қызметіңізді өткізуге болады.

Клиентпен сөйлескенде оған қазір қанша ақшаңыз бар деген сұрақты қоймаңыз. Бұл сұрақ адамға кері әсер етіп сіз клиентіңізден айырылып қалуыңыз мүмкін. Клиентпен сөйлескенде оны қызықтыра біліңіз. Бірақ шамадан тыс ауытқып кетпеңіз. Клиентпен сөйлескенде тағы бір қолданылатын әдіс ол клиентті асықтыра білу. Олар бізде тауар шектеулі, қазір бізде жеңілдіктер бар дегендей клиентті асықтырып затыңызды немесе қызметіңізді өткізуге болады.

Сату қабілеті ол ерекше бір адам бойындағы өнер. Сатудың бизнесте алатын орны ерекше. Сондықтан сату қабілетіңізді теориялық және практикалық тұрғыдан әрдайым дамытып отырыңыз.  

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 201 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: