17:19
Жетістіктің жүз қадамы

73-ҚАДАМ: ЗАМАНАУИ БІЛІМДЕР                                                                 (КОПИРАЙТИНГ, ТАРГЕТИНГ, SMM, САТУ ҚАБІЛЕТІ)

SMM

SMM (System Management Mode) – әлеуметтік желіде кең таралған қолданыстағы құрал болып табылады. SMM ерекшелігі болып компанияны қоғамға таныстыру, танымалдылықты арттыру, сатылым жасауға көмегі, т.б. нәрселер табылады. SMM-ді танымал әлеуметтік желілерде қолдануға болады.

SMM артықшылықтарын айтып кететін болсақ, олар жылдамдылық және қолжетімділік, дайын аудитория, ақылы және ақысыз жарнама жасауға мүмкіндіктің болуы, т.б. артықшылықтары арқылы әлеуметтік желіде басымдыққа ие болуға болады.

SMM-де дұрыс жұмыс жасау үшін сізге мына нәрселерге назар аудару қажет. Олар аудиторияны зерттеп тауарыңызды қалай ұсынуды ойлау, жоспарлау, күніне қанша жазба саласыз саны нақты қою, әлеуметтік желілердің жас ерекшелігін анықтау соған қарай ақпаратты тарату, белсенділік күнделікті тарих және сапалы посттар салып тұру.

SMM-де дұрыс жұмыс атқарудың тағы бір нәрселері олар желідегі белсенді адамдарды тарту, ойын, байқау арқылы оқырмандарыңызды қызықтыру, хэштег қолдану, бірақ 5-тен артық қоймау. Осындай қарапайым нәрселер сіздің парақшаңыздың сапасын жақсартады. SMM-ді Инстаграм желісінде пайдалану ыңғайлы және басқа желілерден қарағанда тез дамиды.

Инстаграмда аккаунт ашқанда бизнес аккаунт ашыңыз. Парақшаңызды әрлеңіз. Сапалы посттар, сапалы тарих салыңыз, осылар арқылы парақшаңыздың сапасы артады. Инстаграмда аватарға сурет қойғанда суретті сапалы және мағынасын анық көрсетіп қойыңыз. Аватардың өзі көпшілік адамдарға қатты әсер етеді.

Инстаграмда аккаунттың аты 30 символмен жазылғандықтан сапалы мәтін жаза біліңіз. Өзіңізді жарнамаласаңыз да немесе қызметіңізді жарнамаласаңыз да аккаунттың аты мағыналы болғаны жөн. Оқырмандарыңызды қызықтыру үшін контент түрлерін пайдалану қажет. Олар байқау, акция, тест, марафон, анекдот, мағыналы сөздер, т.б. сіздің оқырмандарыңызды қызықтырып парақшаңыздың сапасы артады.

SMM-ді әлеуметтік желіде қолданғандықтан кейін кәсіпқойлар секілді қолданған дұрыс. Оқырмандарыңызға ақпараттық контент түрлерін айтып кеткенді жөн көріп отырмыз. Олар шаралар анонсы, жұмыс барысы, компанияның тарихы немесе миссиясы, техникалық ерекшеліктері, сұрақ-жауап айдары, кеңес эксперт ретінде т.б. қолдану арқылы сіздің парақшаңыздың желіде белсенділігі артатын болады.

Жарнама жасағанда 3 түрге бөліп жасауға болады. Олар ақылы жарнамалар, ақысыз жарнамалар, бартер-келісіммен жасалған жарнама деп 3 түрге бөлеміз. Ақылы және ақысыз жарнамалар сізге түсінікті деп ойлаймыз. Келісімді жарнамаға келетін болсақ бұ да басқа біреумен келісу арқылы затыңызды немесе қызметіңізді жарнамалауға болады. Мысалы, Инстаграм парақшасында 100000-нан астам оқырманы бар адамдармен келісіп, жарнама жасауыңызға болады.

Әлеуметтік желілерде SMM-ді қолданғанда тікелей эфирдің орны ерекше. Себебі тікелей эфирден сізді немесе қызметіңізді көргенде адамда сенімділік туады. Тікелей эфирде сіз қызметіңіз немесе тауарыңыз жайлы ақпаратты беруге, сұрақ-жауап өткізуге және соңғы жаңалықтарды айтуыңызға болады. Реті келсе тікелей эфирге күніне 1 рет кешкі уақытта сағат 19.00 мен 21.00 аралығында шыққаныңыз жөн.

Әлеуметтік желілерде тарихты жиі салып тұрғаныңыз жөн. Күніне кемінде 3 тарих пен 7 тарихтың қатарында сапалы тарих салып тұрсаңыз сіздің парақшаңыздың белсенділігі артады.

Әлеуметтік желіде жарнама жасағанда немесе басқа нәрселерді, затыңызды немесе қызметіңізді бейнежазба арқылы жібергеніңіз дұрыс. Себебі бейнежазба арқылы адамның көру, есту мүшелері қатар жүргендіктен адамға түсінікті және сенімді болады. Сондықтан сапалы бейнежазба жасауға аса мән беріңіз. (жалғасы бар)  

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 199 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: