15:32
Жетістіктің жүз қадамы

73-ҚАДАМ: ЗАМАНАУИ БІЛІМДЕР                                                                 (КОПИРАЙТИНГ, ТАРГЕТИНГ, SMM, САТУ ҚАБІЛЕТІ)

Таргетинг

Таргетинг деген қазіргі таңда әлеуметтік желілерде жақсы дамыған жарнама жасауға керекті құралдың бірі. Әсіресе Инстаграм желісінде таргетингтің рөлі басым. Таргет жарнама деген сіздің затыңызды алуы мүмкін адамдарға ғана көрсету ерекшелігі. Сіз Инстаграмда жарнама жасағанда адамдардың орналасқан аумағы бойынша, оның жынысына, жасына, не нәрселерге қызығушылығы басым соған қарай жарнамаңызды бере аласыз. Міне, таргет жарнаманың басты ерекшелігі осы.

Таргет латын тілінен аударғанда дәл көздеу мағына береді.  Шынымен де, сізге керекті клиенттерге ғана жарнамаңызды көрсетуге мүмкіндігіңіз бар. Таргет жарнама қолданатын әлеуметтік желілер арқылы осы алып компанияларда таргет жарнаманы жасауға мүмкіндік бар.

Жалпы таргет жарнамада бірнеше нәрселерді жарнамалауға болады. Олар Facebook-та бизнес парақшаны, публикацияны Инстаграмдағы, іс-шараларды, тренингтерді, жәрмеңкелерді, сайттарды, интернет дүкендерді, мобильді бағдарламарды жарнамалауға мүмкіндік бар.

Инстаграмда таргет жарнама жасау ақылы болып табылады. 7000 теңге мен затыңызды немесе қызметіңізді 40000-нан астам адамға көрсетуге болады. Сол 40000 адамды бір қаладан жасын, жынысын, тілін, не нәрселерге қызығады, соған байланысты жарнамаңызды жібере аласыз. Бұл дегеніміз керемет жарнама жасаудың түрі ғой.

Таргет жарнама жіберу үшін сіздің Инстаграмдағы парақшаңыз бизнес аккаунт болуы қажет. Сізді ақшаны электрон түрде аударатын карталар болуы қажет. Олар Мастеркард, Виза, т.б. Бейнежарнамаласаңыз ұзақтығы 1 минуттан аспағаны жөн. Таргет жарнама жасағаңызда арнайы робот жарнаманың суретіне, мәтініне және өтетін сілтемесіне қарай тексереді. Егер бұғатталған жағдайда модераторға шағымданып қайта тексертуге болады. Жарнама жасағанда сапалы сурет, сапалы мәтін болғаны дұрыс.

Таргет жарнама жасағанда кейбір нәрселерді жіберуге болмайды. Олар сапасы төмен тауарлар, жасырын камералар, дәрі, наркотик, темекілер, кредит, залог, айлыққа дейін ақша, кемсіту ретінде жіберілген тілі, ұлты, т.б. дейін-кейін деген суреттер, діндер жарнамасы, танымал бренд тауарлардың көшірмесі осы сияқты нәрселерді әлеуметтік желіде таргет жарнама арқылы жасауға болмайды.

Бір жаңа істі бастағаңызда өзіңізді, затыңызды немесе қызметіңізді осы таргет жарнама арқылы көптеген адамға көрсетуге болады. Мына жерде таргет жарнаманың басты құндылықтарын жазып өттім. Бұдан басқа да ақпараттар баршылық. Мысалы, сіз кәсіп бастайтын болсаңыз жарнамаңызды осы таргет жарнама арқылы міндетті түрде жасауыңыз қажет. Себебі бұл құралдың ерекшелігі зор.

Жарнама жасағанда мына үш нәрсеге баса назар аударыңыз: 1. Алдымен сіз қызметіңізді көп адамға көрсетуіңіз қажет. 2. Көп адам көргендіктен сізге көп адам хабарласады. 3. Көп адам хабарласса көп адам сіздің қызметіңізді немесе затыңызды алуы мүмкін. Осы үш нәрсеге баса назар аударыңыз. Таргет жарнама жасағанда копирайтинг ғылымынан үйренгеніңіздерді қолдануыңыз қажет. Сонда дарнамаңыз сапалы болатыны анық. (жалғасы бар)  

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 230 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: