16:25
Жетістіктің жүз қадамы

73-ҚАДАМ: ЗАМАНАУИ БІЛІМДЕР                                                                 (КОПИРАЙТИНГ, ТАРГЕТИНГ, SMM, САТУ ҚАБІЛЕТІ)

Копирайтинг

Копирайтинг ғылымының қазіргі кезде орны ерекше. Әлеуметтік желіде сапалы жарнама жасағанда осы копирайтингті көп қолданады. Өйткені қазір әлеуметтік желілерде миллиондаған жарнамалардың ішінен сіздің жарнамаңыздың сапасы жақсы болмаса көзге түспей қалуыңыз мүмкін. Сондықтан да копирайтингтің рөлі басым.

Жалпы жарнаманы жазбас бұрын сіздің ұсынатын қызметіңізге қатысты сіздің бәсекелестеріңізді зерттеп алыңыз. Сіздің жарнамаңыз оларда сапалы және өзгеше болу керек. Егер де жақсы жарнама жазу қолыңыздан келмесе интернет кеңістігіндегі мыңдаған жарналамардың ішінен  жақсысын таңдап, соны үлгі тұтып, соған қарап жарнамаңызды жазуыңызға болады.

Сіз жарнамаңызды жазғанда сіздің затыңызды немесе қызметіңізді қолданылуы мүмкін адамдарға ыңғайлы етіп жазыңыз. Олардың қажеттілігін  анықтап оларға жарнамаңыз ыңғайлы болғаны жөн.

Жарнама жазғанда Оффер деген ұғым бар. Осы оффер сіздің жарнамаңыздың басты қозғаушы күші. Сіздің клиенттеріңіз желіде жүздеген жарналамарды қарап отырғанда сіздің жарнамаңыздың жазылуы, мағынасы клиентіңізді ыстап қалуы қажет. Сіз не ұсынайын деп жатсыз соны қазақшалап айтқанда тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін клиентіңізге жеткізе білуіңіз қажет. Қазіргі таңда қоғамда мынандай заманауи сөздер таралып жүр: Офферің болса, бизнесің бар; Офферің жоқ болса, бизнесің жоқ.

Копирайтинг ғылымы арқылы жарнама жазғанда, жарнама мәтінінің сапасының жоғары болғанына баса назар аударады. Жалпы жарнама жазғанда оның құрылымдамасы жақсы болғаны жөн.

1. Тақырып. 2. Тақырыпша. 3. Затыңыздың клиентке беретін пайдасы. 4. Заттың басқа сіздің бәсекелестеріңізден немесе жалпы сатушылардан айырмашылығын жазған дұрыс. Осы төрт құрылымдаманың рөлі басым. Жарнама жазғанда осы төрт құрылымдамаға баса назар аударыңыз.

Жарнама жазғанда кәсіпкерлер немесе маркетологтардың көп жіберетін қателіктерін жазып көрейік. Олар: 1. Тақырыпты 1-2 сөзбен жазу; 2. Өтірік ақпараттарды арасына қосу; 3. Не сатып жатқанын жазбау; 4. Жеңілдіктерді себепсіз беру; 5. Бағаны жазбау; 6. Сөйлемді абзацтарға бөлмей, тым ұзақ сөйлем жазуы. Осы жиі кездесетін қателіктер. Бұл қателіктер жарнамада болғанда жарнаманың сапасы нашарлап, клиент тарту қабілетінен айырылады. Сондықтан осы нәрселердің болуынан сақтаныңыздар.

Сіз жарнаманы жазғанда клиентіңізді іс-қимылға шақыруыңыз қажет. Олар кездесуге шақыру, каталогті жүктеп алу, т.б. нәрселер арқылы өзіңізге тартасыз. Бұл іс-қимылдар сіздің затыңыздың өтуіне септігін тигізеді.

Жарнама жазғанда коныерсия көтеретін нәрселер. Олар: 1. Тақырыптың 6-7 сөзден тұруы; 2. Тақырыпшаларға бөлу; 3. Абзацтарды жиі қою; 4. Тақырыпта жаңалықтардың болуы; 5. Аюзацты үлкен әріппен бастау; 6. Көбірек сөйлем жазыңыз, клиенттің сенімділігін арттырады. Осы қарапайым нәрселер жарнаманың сапасын арттырады.

Жарнамада суреттің орны ерекше. Сапалы сурет сапалы жарнаманың кепілі. Сурет арқылы да көп нәрсені жеткізуге болады. Жалпы клиенттер сіздің жарнамаңызды оқығанда олар заттың немесе қызметтің сапасы, дизайны, жарамдылық мерзімі, т.б.-на назар аударады.

Жарнаманың ерекшеліктерін жаза бідліңіз. Бұл сіздің клиентіңізді қызытыруы сөзсіз. Жарнама жазғанда ескеретін нәрселер: олар арзан болуы, жеткізіп беруі, төлеу жүйесі, жарамдылығы, т.б. қонымды ерекшеліктерін жазыңыз. Клиенттің шешім қабылдауына әсер ететін факторлар олао сервис, географиялық ортасы және бағасы. Осы үшеуіне назар аударыңыз.

Жалпы жарнама жазғанда көпшілік клиентті қызықтыратын нәрселер олар заттың сапасы, бағасы, жеткізіп беруі, жарамдылығы, ерекшеліктері осы нәрселер клиенттің қызығушылығын арттырады. Осы нәрселерге баса назар аударыңыз.

Жалпы жарнама жазғанда копирайтинг ғылымының алатын орны ерекше. Мына жерде копирайтинг ғылымының ең маңызды бөлімдерін сіздерге ұсынып отырмыз. Тағы қосымша өздеріңіз копирайтингке байланысты ғылымыңызды жетілдіруіңізге болады. (жалғасы бар)  

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 209 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: