17:08
Жетістіктің жүз қадамы

71-ҚАДАМ: ЕЛГЕ ДЕГЕН ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМ

Әр қазақ азамат-азаматшасының елге деген патриоттық сезімі болуы тиіс. Әрбір біреуіміз елімізді сүйе білуіміз тиіс. Елді жақсы көру балалық шақтан басталуы қажет. Айналасын танығаннан бастап жасөспірім балалар елге деген патриоттық сезімін бойына сіңіре білсе, ондай ұрпақтан елге жамандық жасайтын адам шығуы екіталай.

Елге деген патриоттық сезімді қай уақытта болса да ашуға болады. Тек ниетіңіз болса болғаны.

Патриоттық сезім адамның алдыға қойған мақсатына жетуге өзіндік бір үлкен мотивациясын береді екен. Елге деген патриоттық сезімі мол адамдар жетістікке жеткенде де еліне жақсылық жасаудан жалықпайтынын аңғаруға болады.

Сайып келгенде, елге деген патриоттық сезімнің болуы әр қазақ азамат-азаматшасының бойында болуға тиіс басты құндылық деп білем. Мен өзім өмірімнің аяғына дейін елге патриоттық сезімді арттырып, елге қолымыздан келгенше қызмет жасап, елімізді қорғауға тиіс екенімізді түсінейік.

Елде елін жақсы көретіндердің саны өскенде, ондай мемлекеттің дамымамуы мүмкін емес. Сол үшін де бәріміз елге деген сүйіспеншілігімізді үнемі арттырайық және елге қолдан келгенше қызмет жасайық.

«Отанға қызмет ету білімнен емес – мінезден»

Әлихан Бөкейханұлы    

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 211 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: