22:56
Жетістіктің жүз қадамы

69-ҚАДАМ: СТУДЕНТТІК ӨМІР. ӨМІРДЕГІ БАСТЫ КЕЗЕҢДЕРДІҢ БІРІ

Студент десе, ең бірінші, көпшіліктің ойына бірінші ақшасы аз, қарны аш жәе қыдырып жүретін кезең ретінде көрінеді. Студенттік кезең адамның үлкен өмірге қадам басуы және өз өміріне деген жауапкершілікті өзіне алған, алдыға мақсатына талмас жігерімен ұмтылатын адам ретінде көрінеді.

Студенттік кезеңде өмірге деген талпыныстың үлкен толқыны басталады екен. Осы 4 я 5, мүмкін одан ұзағырақ жылдық оқу кезеңінде өзін оқып жатқан мамандығыңнынң жақсы маманы болып шығу және өмірге деген рухани дүниеңді жаңғырту деген нәрселерді, бойға жақсылап сіңірсек, біз сапалы елдің азаматы болатынымыз анық.

Ал кейбір студенттерді білеміз. Оқуын оқып жүр әйтеуір. Ертең сол оқып жатқан мамандығында жұмыс істей ме, істемей ме оны да анық шешпеген. Көреміз ғой, оқуды бітірейік, бұйырған жұмысқа кіреміз де, бастысы диплом ап алсақ болды деп жүреді. Бұлай жүре өз өміріне жауапкершіліксіз қараған де білеміз. Әсіресе сенің қандай адам болатыныңды анықтайтын кезеңде, бұлай жүру өзіңе жасаған қиянат деп білем.

Бұлай жай жұрттан қалмайын деп оқып, қатты қағазды алғанша оқымай-ақ қойған жөн. Ал егер ата-анаңыздың нұсқауымен оқуыңызға мәжбүр болсаңыз, оқи беріңіз. Бірақ оқып жатқан мамандығыңыздан бір нәрсе үйренуге талпыныңыз.

Студенттік кезеңнің бірінші шарты адамның рухани дүниесін жақсы жағына қарай жаңғырту және талмай білім жинау. Осы екі нәрсені меңгеретін шағымыз. Осы кезеңді жақсылап өткізіп ала алмай, келесі отбасылық немесе жұмысбастылық кезеңге жақсы жолдама ала алмайсыз.

Егер сізде қазір алдыға қойған мақсатыңыз болмаса, онда дереу дәл қазір сені жақсылыққа апаратын, жетістікке апаратын, айналаңа пайдаң тиетін мақсатыңды жаз. Кемі 70 мақсат жаз. Оны орындалуы кезеңдеріне бөл. Уақытын жанына жаз. Мақсатты жазып, оның бірінші қадамын басқаннан бастап, сенің өмірін жарқын жаққа және мақсатыңның орындалуына керекті жолдар өзі-ақ ашыла бастайды.

Егер сіз мақсатты қалай жүйелеп қоюды білмесеңіз, онда қорқатын дәнеңе жоқ. Адам өмірінің сапасы 5 нәрсемен өлшенеді. Олар денсаулығы, білімі, рухани жан дүниесі, көңіл күйі және материалдық жағдайы. Осы 5 нәрсе сізде жеткілікті түрде болғанда, сіз сапалы адам болғаныңыз және айналаңа пайда бере алатын тұлғаға айналғаның.

Осы 5 нәрсені мақсатыңыздың ішіне қосыңыз. Оған ерекше мән беріңіз. Аз уақыттың ішінде өміріңіздің бұрынғыдан қарағанда жақсарып, өзіңіз байқайсыз.

Студенттік шақ өміріңнің қандай болатынын анық шешетін уақыт деп білем. Сол үшін де бауырлар студенттік өмірді бекерге босқа зияны тиетін немесе пайдасын бермейтін нәрселермен айналысып, өміріңізді жарқын болуына аса мән беріп, іске кірісіңіз.

Өмірдің әрбір сәті маңызды. Әр уақыттың тиімді пайдаланыңыз.

Әрбір адамның болашағы балалық және жастық шағындағы көргендері мен алған әсеріне тікелей байланысты. Бүлдіршіндер мен жастар адамның рухын шыңдап, жігер беретін ортада ақыл-ойы ұшқыр, көргенді боп өседі.    

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 239 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: