16:13
Жетістіктің жүз қадамы

68-ҚАДАМ: КҮН САЙЫН ДАМУ

Адам баласына күн сайын оның бойына небір түрлі ақпараттар және іс-әрекеттер енеді. Оның ішінде пайдалысы бар, пайдасызы да бар. Пайдалы нәрселер сізді даму жолына түсіреді. Ал пайдасыз нәрселер артқа тартып, дамуыңызды тежейді.

Тек бойымызға пайдалы істерді алып, даму жолына тез түсе аламыз ба? Мысалы, сіз 1 күнде 60 пайыз тек пайдасын беретін істермен, ал 40 пайыз пайдасын бермейтін немесе зиянын беретін істермен айналыстыңыз делік. Онда сіздің даму жолыңыздың жылдамдығы 20 тең немесе 3-ға тең деп айтсақ та болады.

Себебі дамуға байланысты істеріңізбен дамуға келтіретін істерді алып қарасақ жалпы орта дамуыңыз 20 мен 30-дың аралығында. Енді осыны қалай жоғары көеруге болады? Әрине, әр істің өзінің шешімі бар, тек оған кіріссеңіз болғаны.

Өзіңіздің күнделігіңізге күнделікті атқаратын істеріңізді түгел жазыңыз. Оның пайдалысын да, пайдасызын да жазыңыз. Күн сайын атқаратын істеріңізге тек өзіңізге пайдасын беретін істерңіздің санын көбейте беріңіз. Бірте-бірте сізді тек пайдалы істер қоры қалыптасады. Солай сіз бір күнде пайдалы істеріңіздің мөлшері 90 пайыздан асатын болса, жылдамдығыңыз 85-тен жоғары болмақ. Демек, сіз тек даму жолына түстіңіз. Жаңағы 30-дан қарағанда әлдеқайда жақсы емес пе. Тек бұл айтылған кеңестерді күнделігіңізге жазып орындасаңыз болғаны.

Осылай әр күндеріңізді пайдалы қылып өткізсеңіз, өміріңіз пайдалы, сапалы болмақ.

«Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз,

Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз.

Сен мықты, анау осал, мен орташа,

Бәріміз бір аспанның астындамыз.

Сіздің ой біздің оймен бірікпейді,

Шайқаңыз осы өмірде жүріп мейлі,

Ойлаңыз, арзан атақ, сасық ырыс,

Сіз өлгенде қайтадан тірілтпейді».

Мұқағали Мақатаев     

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 229 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: