21:19
Жетістіктің жүз қадамы

5-ҚАДАМ: МАҚСАТТЫ ҚАЛАЙ ҚОЯМЫЗ

Адамның адамдығы мұратына жетуде емес, оған жетер жолда көрінеді.

  • Абай

Мақсатыңа жетер жолда саған үріп, кедергі келтірген әрбір итке тас ату үшін еңкейе берсең, ешқашан жолыңның соңына жете алмайсың.

  • Ф.Достоевский

Мақсат қою жүйесіне оралайық, айталық, сіз 70-ке жуық мақсаттарыңызды жазып қойдыңыз. Оны күнде оқып мотивация алып тұрсыз. Еңбекқорлықтың бірінші қадамы ерте тұруды да әдетке айналдырдыңыз, адамды табысқа жетуге жетелейтін білім-ғылымға да назар аудардыңыз, тамақтану жүйесін де реттедіңіз. Ендігі кезек сізді – күндік жоспарыңыз, бұл жоспардың алатын орны ерекше.

Жаңағы алдыңызға қойған 70 мақсаттарыңыздың орындалуы, осы жоспарды дұрыс жасауыңызға тікелей қатысты болып табылады. Жоспардың көптеген түрлері бар, бірақ бірегейі ол осы күндік жоспарды реттеу, осы сіздің күндік жоспарыңыз апталық жоспарға, апталық жоспарыңыз айлық жоспарға, айлық жоспарыңыз жылдық жоспарға айналады. Бұл реттің бәрі бір-бірімен тығыз байланысты.

Сізге ендігі кезек блокнот арнауға тура келеді. Сіз бұл блокнотқа күнделікті орындайтын жұмыстарыңыздың тізімін жазатын боласыз және де күнделікті кешкі жатар уақытта өзіңізге есеп беріп отырасыз. Бұл сіздің күндік жоспарыңыз болып табылады. Енді сіз осы күндік жоспарыңызды апталық жоспарларыңызға байланыстырасыз.

Айталық, сіз бір мотивациялық кітапты оқып бітіргіңіз келді, сіз оны бір күнде емес, үш-төрт күнге немесе аптаға бөлесіз, немесе сіз жүгіруіңізді 3 км-ден 5 км-ге жеткізу үшін апталық жоспар құруға тура келеді. Бұл жоспарыңыз күндік жоспармен тікелей байланысты болады.

Осы секілді мақсаттарыңызды күндік жоспарға бөліп оны апталық немесе айлық немесе жылдық жоспарға айналдырасыз. Бастысы – алған бетіңізден қайтпаңыз! Қытайдың ойшылы Конфуций айтқандай «Сенің қандай жылдамдықпен жүріп келе жатқаның маңызды емес, бастысы – тоқтамау» деп, адамға мақсатына жетуде ерінбей алған қойған мақсатыңызға жетуге жол сілтеп тұр.

Енді сіз мақсат қойғаныңызда оны барынша белгілі бір уақытқа қойғаныңыз жөн. Әйтпесе, бұл мақсаттарыңыз ертеңнен ертеңге немесе аптадан аптаға немесе айдан айларға, сол секілді жылдан жылдарға созылып кетуі мүмкін. Атам қазақ: «Еріншектің ертеңі бітпейді» демей ме?! Сол секілді болмас үшін уақытыңызды тиімді пайдаланып, жоспардың орындалу уақытын қоя біліңіз.

Мақсатты жүйелеуге оралайық, сіз күнделігіңізге күндік жоспарыңызды жаздыңыз. Айталық, бір күнге жиырмаға жуық атқаратын істеріңіз: таңғы спортыңыз; тамақтануыңыз; білімге уақыт бөлуіңіз; жұмыста болсаңыз: жұмысыңызға қатысты жоспарларыңыз немесе студент болсаңыз: сабақ тапсырмаларын орындауды немесе бүгін кездесетін кездесулеріңіз; өзіңізді дамытатын кітаптар, бейнероликтер мен спорттық жаттығуларыңыз осы сияқты күнделікті жұмыстарыңызды тізіп жазып, оның әрқайсысына уақытты белгілеңіз. Айталық: таңғы жаттығуым – 20 минут, кітап оқуыма – 2 сағат уақыт, өзімді дамытуға – 1 сағта, мотивация жинауыма – 20 минут деген секілді атқаратын істеріңізді тізіп жазып, ретімен уақытын белгілеңіз, бұл сізге уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Осы атқарған жұмыстарыңызды кешкі жатар уақытты қарап, бүгін атқарылған істерңізді белгілеп, орындай алмаған істеріңіздің не себепті орындалмай қалғанын жазып, өз-өзіңізге есеп беріңіз, және де ертеңгі уақытқа жоспарыңызды кешкі жатар уақытыңызда жазып қойыңыз. Бұл сізге ертеңгі атқаратын мақсаттарыңызды орындалуына мол мотивация береді.

Әрине, сізге талмай еңбектену үшін – денсаулығыңыздың мықты болуы шарт. Ал сіздің денсаулығыңыз бен шабыттанып еңбек атқаруыңызға ұйқыңыздың алатын орны ерекше. Мейілінше ерте жатып, ерте тұруға тырысыңыз. Көпшілік адамдарға 7 сағаттық ұйқы жетеді. Ерте ұйықтасаңыз ұйқыңыздың қануына әсер етеді. Сіз кешкісін ұйқыға 22.00 – 23.00-де жатып, таңертең сағат 05.00 – 06.00-де тұруға әдеттеніңіз. Бұл сізге еңбекқорлықтың нышанын береді.

Азанмен ерте тұрып жаратушы Алладан жәрдем сұрап, спортпен айналысып, білім-ғылым жинап, өзіңізді дамытуға уақыт бөлсеңіз жаратушы құдіретті Алла тағала сізге қол ұшын береді. Таң намазының басқа намаз уақыттарында оқылатын намаз сауабынан алатын сауабы мол болады. Сол сияқты сізде ерте таңғы уақыттан мақсаттарыңызды орындауға кірісіңіз, бұл сізге үлкен өзгеріс әкеледі, өйткені мақсатқұмар адамдардың көбі осылай жасайды.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 350 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: