10:40
Жеңістің мерейгерлік шеруі
Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар, қызметтестер!
Баршаларыңызды Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесімен құттықтаймыз!
Кең байтақ Отанымызды жау қолына бермей, өз өмірлерін құрбан етуге даяр болған ақтаңдақ аталарымыз бен ағаларымыз кешегі күні ұрпақ үшін от кешіп еді. Тылдағы әжелеріміз бен әпкелеріміз де аянбай еңбек етіп, Жеңіс күнін алаңдай күтіп еді.
Бүгінгі күні олардың бастан кешкен сұрапыл сәттері тарих боп қалды. Өткенге тағзым етіп, салауат айту кейінгі ұрпақ еншісінде. Ешкім де ұмыт қалмайды, ештеңе де ұмытылмайды. Батыр аталарымыз бен әжелерімізді дәріптеп, олардың Отан алдындағы ерліктерін ұрпақ санасына сіңіру біздерге міндет. Өскелең буынды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, олардың Отан алдындағы жауапкершілік сезімдерін арттыру, бейбіт өмірдің қадірін бағалай білуді үйретудегі Сіздердің еңбектеріңіз ұлан-ғайыр деп білеміз.
Ел іргесін бекітіп, мемлекетімізді дамыту барысына қосып жатқан істеріңіз әрдайым жемісті де табысты болғай.
Айтулы мейрам күндері Баршаларыңызға жылы лебізімізді білдіріп, ашық аспан мен бейбіт өмір тілейміз!
Әрқашан жадыраған жүздеріңізден күлкі кетпесін, денсаулықтарыңыз зор болсын, шаңырақтарыңыз бақыт пен береке толы болып, Жеңіс мейрамы баршаларыңызға қуаныш сыйласын деген тілек білдіреміз.
Просмотров: 867 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: