09:11
Жеңістің мерейгерлік шеруі
Бірегей мереке, айтулы мерей һәм алаулы-жалаулы салтанат саналатын Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған шаралар легі Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде абыроймен өткізілді. Атап айтқанда, 5 мамырда мектеп оқушылары ұйымдастырған "Жеңіс алауы" атты концерт өткізілсе, оның алдында бір күн спорттық шараларға арналды. Ал мектеп қызметкерлері 6 мамырда аудан орталығы Аққудың мәдениет үйінде өткен "Ерлердің ерлігіне бас иейік" атты білім қызметкерлері арасындағы аудандық байқауға қатысып, олжалы оралды. Аталмыш байқауға мынадай мектеп қызметкерлері қатысты: Шакиров Е.А., Ибраһим Б.К., Белгібаева А.М., Абылғазинова Қ.Ғ., Сейсембеков С.Н., Жұмашева Д.А., Омарова Н.С., Қадырханова Г.Н., Байханова А.Т., Сейітова Л.Қ., Жұматов С.Т., Құмарова А.Ғ., Омаров Р.Қ., Қадырханов Е.Е. және 4 сынып оқушысы Омаров Әмірлан. Нәтижесінде мектеп ұжымы жүлделі 2-орынды қанжығаға байлап келді. Оның үстіне Ибраһим Б.К. авторлық шығармасы үшін арнайы сыйлықпен, ал Шакиров Е.А. белсенді қатысқаны үшін арнайы естелік сыйлықпен салтанатты түрде марапатталды. Ал мерекелік шаралар 9 мамырда болған салтанатты концертке қатысумен аяқталды. Бұған мектептен Шакиров Е.А., Ибраһим Б.К., Жанпейісова Ж.З., Құмарова А.Қ. қатысты.
Просмотров: 867 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: