21:02
Жаз – 2019: бейіндік лагерь белестері

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Әлбетте, 4 маусым – Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері күні. Дәл сол күні «Эрудит» бейіндік лагерінде осынау маңызды мерекеге арналған викторина өткізілді.

Балалардың Қазақстан туралы білімін бекіту, «азамат» ұғымын қалыптастыру,

Отанға және мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау туралы түсініктерді дамыту, ынтымағы мен достығы бек жарасқан көпұлтты еліміз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу викторинаның басты мақсаттары болып айқындалды.

Аталмыш шараға бас-аяғы жеті жасақ қатысты. Іс-шара американдық жазушы, философ Монли П. Холлдың тілдің шектері мен мүмкіндіктерінен асып түсетін символдардың мәні туралы пікірін талқылаудан басталды. Тәрбиеленуші оқушылар түрлі елдердің өкілдері түрлі іс-шараларда, жарыстарда өз елін мақтан тұтып, байрақты қалай көтереді дегенге айтарлықтай мысалдар келтірді. Содан кейін оқушылар өз тобының туын құрып, осы тудың рәмізінде нендей нышандарды бейнеленін қызықты түрді әңгімеледі. Викторинаға белсене қатысып, оқушылар еліміздің мемлекеттік рәміздерінің құрылу тарихы, өз елінің әнұранын білу туралы жақсы білімдерін көрсетті. Оқушылар өздерінің зияткерлік мүмкіндіктерін танытты десе де болады. Барлық балалар белсенді қатысты, әсіресе Новокрещенная А., Петрова А., Амангелді А., Воронов А., Утемисов А., Давыдов Е., Байбулатова А., Журавлев В., Баисов А., Жакоманова А., Каменова А., Вертлугова П., Ботаев Т. Ерекше атап өткеніміз абзал.

Іс-шара барысында жасақтарда ынтымақтастық, өзара көмек және балалар арасында еркін қарым-қатынас орнады, өз ойлары мен жорамалдарын айтты. Іс-шара танымдық, тәрбиелік және дамытушылық мәнге ие болды һәм өз мақсаттарына жетті деп есептейміз. Оқушылар Отанға деген патриоттық сезімдерін арттырды, өз елінде болып жатқан оқиғаларды бақылауға, әнұранды сауатты және дұрыс орындауға тырысатын болды. Әсіресе балалардың барлық сұрақтарға дұрыс жауап бергенін атап өткеніміз орынды.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 365 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: