20:58
Жаз – 2019: бейіндік лагерь белестері

А.С.ПУШКИН – ОРЫС ӘДЕБИЕТІНІҢ ДАНЫШПАНЫ

Биыл орыс әдебиетінің данышпаны А.С.Пушкиннің туғанына 220 жыл толып отыр. Осынау атаулы датаға байланысты «Эрудит» бейіндік лагерінде бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Айталық, 10 «А» сынып оқушылары ұлы қаламгердің мерейтойына арналған «Дүниежүзілік Пушкин» атты шығармашылық байқауына қатысты.

«Пушкиндік вернисаж» суреттер байқауының номинанттары анықталды. Балалар «Салтан патша туралы ертегі», «Руслан және Людмила», «Пика ханшайымы», «Балықшы және балық туралы ертегі» шығармаларын тақырыптық тұздық етіп алды. Суреттер креативтілігімен һәм тақырыпты өздігінен аша білуімен бірден-ақ көзге түсті. Балалар үлкен қызығушылықпен тапсырмаларды орындап, тақырыпты, тапсырмаларды қызу талқылап, өз туындыларын жасады. Сонымен бірге «Лингвист» жасағы «Пушкин мен үшін ...» атты шығармалар сайысына қатысты. Балалар тамаша ақынмен алғашқы танысудан алған әсерлерімен бөлісті, оқыған шығармаларды еске алды, дарынды қаламгердің туындылары мейірім және махаббатқа үйрететінін ерекше атап өтті.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 343 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: