20:54
Жаз – 2019: бейіндік лагерь белестері

ҚАЗАҚ КИНОГЕРІНІҢ МАЙТАЛМАНЫ Ш.АЙМАНОВ – 105 ЖАСТА!

Әйгілі жерлесіміз, қазақ киноөнерінің шебер майталманы, қазақ өнерінің кемеңгер тұлғасы, талантты актер әрі режиссер, КСРО Халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 105 жыл толып отыр. Осынау елеулі датаға орай Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебіндегі «Эрудит» бейіндік лагерінде тәрбиеленіп жүрген жасақтар жалпылагерлік тәрбие сағатында ақпараттық қабырға газет шығаруымен айналысты. Ұжымдық еңбек һәм асқан белсенділік танытқан тәрбиеленушілер шығарған газеттер Ш.Аймановтың өмірі мен шығармашылығынан танымдық мағлұмат-мәліметтерді мейілінше айқындады. Нәтижесінде, мектептің фойесінде қабырға газеттердің көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 349 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: