20:53
Жаз – 2019: бейіндік лагерь белестері

АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ БІЛГІРЛЕРІ

11 маусымда «Эрудит» бейіндік лагерінің балалары «Ағылшын тілінің білгірлері» атты іс-шарасына белсенді түрде қатысты. Тәрбиеленушілер әр түрлі тапсырмаларды орындауда өзара жарысты: дұрыс емес етістіктердің формаларын тапты, сөздерді, сөйлемдерді құрастырды, суретті жұмбақтарды һәм сөзжұмбақтарды шешті. Әсіресе балаларға тірек сөздер бойынша ағылшын тілінде әңгіме құрастыру сондайма ұнады.

Ағылшын тілінің білгірлері болып: Новокрещенная А., Воронов А., Ораз А., Өтемісов А., Михайлова В., Петрова А., Қадырханов А., Муратова А., Жакоманов Е., Волошина С., Байбулатова А., Нечипоренко А., Черных А., Абуов Т., Исмаханова К. танылды

10 сынып оқушыларының шығармашылық одағы қызықты әңгіме, ұсынылған суреттер мен мәтіннің түпнұсқалық түсіндірмесінен құрамдалған өз өнімін ұсынды.

Ал 19 маусымда "Эрудит" бейіндік лагерінде «Be the best» шарасы өтті . Мақсаты: өткен материалдарды бекіту. Міндеттері: оқушылардың танымдық белсенділігін жандандыру, оларға ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалауға, жаңа жағдайларда білім мен іскерлікті қолдануға, командада жұмысты қалыптастыруға мүмкіндік беру. Оқушылар ойын түрінде лексика мен грамматикалық формалар бойынша білімдерін бекітіп, белсенділік көрсетті. Олар командада жұмыс істеді, онда әр қатысушы жұмысты сапалы және тез орындауға тырысты. Оқушылар 5 стансаның маршруттық парағы бойынша топпен өтті: «Фонетикалық», «Лексикалық», «Пошталық», «Грамматикалық», «Ән», онда олар тез жаңылтпаштар айтып, сөзжұмбақтар, жұмбақтар шешті, суреттер бойынша ұсыныстар жасады, ағылшын мақал-мәтелдеріне орыс тілінде баламаларын тапты, шет елдік досына хат жазды. Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрастырылды.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 380 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: