20:51
Жаз – 2019: бейіндік лагерь белестері

БАЛАЛАРДЫ КҮШТЕП ЕҢБЕК ЕТУ ТОҚТАТЫЛСЫН!

Демалушыларға өз есіктерін айқаша ашқан «Эрудит» бейіндік лагерінде 2019 жылғы 3 маусымда «Балаларды күштеп ету тоқтатылсын!» деген тақырыппен сурет салу жалпылагерлік шарасы өтті. Акцияның мақсаты: балалар еңбегінің мәселелерін жариялау. 5-10 сынып оқушылары нормативтік құжаттармен, жұмысқа қабылдау ережелерімен, еңбек құқығының жалпы терминдерімен танысты. Тәрбиеленушілер балалардың еңбегін бас пайдасы үшін күштеп пайдалану тақырыбын қызу һәм белсенді талқылады, әсіресе экологиялық жағынан әлсіз дамыған елдердегі буыны қатпаған балалар еңбегін пайдалану жағына айырықша тоқталды. Содан кейін балалар қандай сурет салуды қалайтынын айқындады. Осынау бағытта аталмыш мәселеге қатысты өз көзқарастарын мейілінше білдірді. Балалар тапсырманы орындауға үлкен жауапкершілікпен қарады. Суреттер тартымды да қызықты шықты.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 394 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: