20:49
Жаз – 2019: бейіндік лагерь белестері

ОТБАСЫНДА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

  «Эрудит» бейіндік лагерінде балалармен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу аясында «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты ағартушылық сабағы өтті. Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы, оның алдын алу мүмкіндіктері жайлы, құрбанды қорғайтын заңдар жайында түсінік беру. Сабақ барысында балалар сұрақтар тізіміне жауап берді. Балалармен осы мәселелер бойынша диалог өтті. Зорлық-зомбылықтың әртүрлі нысандары бар және әрқайсысы өзінше сипатталатын мақсаттарға қол жеткізу үшін мәжбүрлеу, олар қалай көрінед, зорлық-зомбылықтың пайда болу себептері т.с.с мәселелер мейілінше көтерілді. Оқушылар отбасындағы зорлық-зомбылық формаларына өздігінен анықтама беруге тырысты.

Бірнеше бейнероликтерді көргеннен кейін оқушылар сауалнама сұрақтарына жауап берді. Сауалнамалар бойынша ата-аналар өз баласы алдында үлкен беделге ие екенін айтуға болады.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 385 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: