20:46
Жаз – 2019: бейіндік лагерь белестері

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІНІҢ КӨКЖИЕКТЕРІ

15 маусымда «Эрудит» бейіндік лагерінде «Физика в опытах» атты жалпы лагерлік іс-шара өтті. Мақсаты: қоршаған ортаға ғылыми көзқарасты қалыптастыру, танымдық қызығушылықты, физиканы зерттеуге қызығушылықты дамыту. Оқушылар өз тәжірибесін лавалық шам дайындаудан бастады. Шамның іс-қимылында әртүрлі тығыздығы мен түстері араласқанда, сыртқы лаваға ұқсас өте әсерлі құбылыс болып шықты. Балаларға шамнан, шегеден, су құйылған стаканнан керемет шам жасауды ұсынды. Сонымен бірге кәдімгі шарлардың көмегімен эксперименттер жүргізуге және физикалық заңдарды практикада қолдануға болатыны көрсетілді. Біздің балалар осы тапсырмаларды сапалы орындауға тырысып-ақ бақты. Соңында балаларға пластикалық бөтелкелерден «Су бұрқақ» және «Айналмалы жылан» конструкциясын жасау ұсынылды. Бір сөзбен айтқанда, физика мерекесі сәтті өтті!

18 маусым күні «Эрудит» бейіндік лагерінде «Химиктер қатарына қабылдау» атты жалпылагерлік іс-шара өтті. Химия ұғымының жалпы дамуы үшін балаларға тәжірибе ұйымдастырылып, көрсетілді. Алғашқы тәжірибе «Алау» деп аталды, онда сіріңкесіз от шағу көрсетілді. «Жанартаушық» атты екінші тәжірибеде шағын жанартау қалай шашылып жатқанын көрсетті. «Сиқырлы су» делінген үшінші тәжірибеде химиялық реактивтер пайдаланылды және шырын, сүт арқылы газдандыру алынды. «Судағы калий» атты төртінші тәжірибиде калий суда күлгін жалынмен жанды. Ал «Жарасыз қан» деген бесінші тәжірибеде химиялық реактивтердің көмегімен қолдағы қан ешбір жарасыз һәм зақымданусыз пайда болды. «Ғажайып хат» атты соңғы тәжірибеде қағаз парағында «Химияны сүю» деген сөзді алдын ала жазды және реактивтің көмегімен пайда болған жазуды балалар хормен оқыды. Барлық тәжірибелерден кейін химия пәнінің мұғалімі Жолдыбаева Динара Тұрсынбекқызы балаларды химиктер қатарына өзінше рәсіммен қабылдады. Балаларға тәжірибе мен оларға қатысу сондайма ұнады.

20 маусымда 5-8 сыныптар арасында «Биологиялық ассорти» атты интербелсенді ойыны өткізілді. Ойынға 2 команда қатысты. Команда құрамына әр буыннан 1 өкілден оқушылар кірді. Қазылар алқасының құрамына мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары енгізілді. Ойын барысында 10 сынып оқушылары жетекші болды. Ойын көрермендерге және қатысушыларға арналған жаттығулардан басталды. Оқушылар бұл ойынға белсене қатысып, мектеп бағдарламасының білімін ғана емес, сонымен қатар өзінің кең ой-өрісін көрсете білді.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 377 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: