10:15
Жадыда жүрсін жатталып...
Білгенге – маржан (соңы) Әнұран дегеніміз не? Қытайлар гимнді «гоге» – мемлекет өлеңі, мемлекет әні десе, арабтар оған отан өлеңі, отан әні деген мағына береді. Қазақ халқының сөзі жоқ мемлекеттік әнұран міндетін атқарып келе жатқан музыкалық шығарма? Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйі ғасырдан астам уақыт бойы халқымыз үшін сөзі жоқ, тек әуеннен тұратын ұлттық рәміз міндетін атқарып келеді. Қазақ халқының басына түскен қасіретті баяндайтын әлемдегі болмыс бітімі бөлек ұлттық әнұран? Қазақтың «Елім-ай әні – әлемде теңдесі жоқ болмыс-бітімі бөлек ұлттық әнұран. Әдеттегі әнұрандарда, негізінен, мадақтау сарыны басым жататын болса, бұл ел әнінің қуаты бүкіл халық басына түскен қасіретті боямасыз баяндай отырып, рухты жасытпай, қайта елдік пен ерлікке шақыратын оптимистік сезім оятатын қасиетінде жатыр. Жоңғар шапқыншылығындағы әйгілі «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» қырғыны кезінде 1723 жылы дүниеге келген бұл екрекше ел әнінің авторы – Қожаберген Толыбайұлы. Ол Үргеніш, Бұхар, Самарқан медреселерінде оқып, білім алған. Мемлекеттік рәміздерге байланысты қызықты ақпарат пен деректер
Қызыл түс – әлем мемлекеттері туларында ең көп кездесетін рең. Ол барлық тулардың үштен екісінде бар. Одан кейін көп пайдаланылғаны ақ, көк, сары және қара бояулар екен. Ені мен ұзындығы бірдей жалғыз шаршы ту – Швейцариянікі
Күн бейнесі – мемлекеттік туларда жиі кездесетін нышан. Олардың ішіндегі ең атақтысы – Жапонияның «Күн дөңгелегі». Рәміз – елдің «Күншығыс елі» деген атының нышаны белгісі. Тайвань туларында-ақ күн, Филиппин туларында – сегіз сәулелі күн, Уругвай туында адамның бет-бейнесіне ұқсас «Мамыр күні» суреттері бар. Тудағы жазу рәміздің ең басты бөлшегі болып табылатын ел – Сауд Арабиясы. Оның туында «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед – оның пайғамбары» деген сөйлем бар. Иранның туында «Аллах акбар» (Алладан басқа құдай жоқ) деген сөйлем 22 рет жазылған.Бразилия туында тәртіп және прогресс, Руанда туында «R» (Р) әрпі таңбаланған. «Көк қаршыға». Шыңғыс ханның туы – тоғыз шашақты үшкіл ақ мата. Ол тудың сабына үш жерден байланатын болған. Ал тудың дәл ортасында бауырына аулап алған қара қарғаны қысып, қанатын жайып, ұшып келе жатқан көк қаршығаның суреті салынған. Көк қаршыға хан әулетін желеп-жебеуші киелі құс саналады. Бабасы Бодуаншар қиын кезде құс салып, жан сақтады деген аңыз бар. Тудың сабының ұшында үшбұрышты арнайы темір қондырғы болған. Ал туды жерге тұрғызып қою үшін, жеті тармақты жылжымалы тіреуіштер пайдаланылған. Абылайдың ақ туы. Ел жадында ерекше сақталған рәміздердің бірі – Абылайдың ақ туы. Ол бір түсті төрт бұрышты ақ мата. Шашақты бауы бар. Қазақтың ұлы туының түсі –Шығыс ғұн (375-454жж), Ақ ғұн (420-562жж), Шыңғыс ханның Алтын орда (1236-1502жж) мемлекеттері рәміздерімен реңдес. Ол б.з.д. ХІІ ғасырда дүниеге келген әлемдегі тұңғыш әскери байрақтардың түсімен де туыстас. Тубегі Ерте замандарда осындай ресми атақ, жоғары мәртебелі қызмет болған. Жоңғар жаугершілігіне қарсы алдында бас әмірші болып – Әбілқайыр хан, ал тубегілігіне – бас сардар Бөгенбай батыр сайланған. Мұндай шешім Ордабасындағы ұлы жиында қабылданған. Тубегін тағайындау салты кейін де сақталған. Мысалы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі қаһармандарының бірі Амангелді батыр әскерінің тубегі Қияқбай батыр болған. Елұран Кезінде қазақ халқын құраған ру-тайпалардың өз ұрандары болғаны белгілі. Олар бір сөзден тұрады. Көбіне аруақты аталар мен аналардың атына құрылған. Ал бар қазаққа бірдей елұран «Алаш» болатын. Тағы бір ортақ ұран – «Аруақ» сөзі. Ұрандауды кейде «аруақ шақыру» дейді. Ең қысқа әнұран мәтіні бар болғаны 4 жолдан тұрады. Ондай рәміздер бірнешеу. Жапония, Иордания және Сан-Марино әнұрандарының мәтіндері осындай. Ең ұзақ әнұран мәтіні 158 өлең жолынан тұрады. Ол – Грекияның мемлекеттік рәмізі. «Бостандық әнұраны» деп аталады. 1823 жылы жазылған. Авторы – грек ақыны Диониенос Соломос.
жиған-терген ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ http://www.shakhibbeker.ucoz.kz
Просмотров: 1178 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: