Білгенге – маржан (соңы) Әнұран дегеніміз не? Қытайлар гимнді «гоге» – мемлекет өлеңі, мемлекет әні десе, арабтар оған отан өлеңі, отан әні деген мағына береді. Қазақ халқының сөзі жоқ мемлекеттік әнұран міндетін атқарып келе жатқан музыкалық шығарма? Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйі ғасырдан астам уақыт бойы халқымыз үшін сөзі жоқ, тек әуеннен тұратын ұлттық рәміз міндетін атқарып келеді. Қазақ халқының басына түскен қасіретті баяндайтын әлемдегі болмыс бітімі бөлек ұлттық әнұран? Қазақтың «Елім-ай әні – әлемде теңдесі жоқ болмыс-бітімі бөлек ұлттық әнұран. Әдеттегі әнұрандарда, негізінен, мадақтау сарыны басым жататын болса, бұл ел әнінің қуаты бүкіл халық басына түскен қасіретті боямасыз баяндай отырып, рухты жасытпай, қайта елдік пен ерлікке шақыратын оптимистік сезім оятатын қасиетінде жатыр. Жоңғар шапқыншылығындағы әйгілі «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» қырғыны кезінде 1723 жылы дүниеге келген бұл екрекше ел әнінің авторы – Қожаберген Толыбайұлы. Ол Үргеніш, Бұхар, Самар ... Читать дальше »
Просмотров: 1175 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/02/2010 | Комментарии (0)

өткен аптаның бейсенбісінде аудан орталығындағы орта мектепте және Интернет арқылы қашықтық түрде ұйымдастырылды. Дәстүрлі жолмен өткен аудандық олимпиадаға біздің мектептен Оспанова М.Ж., Байханова Л.А. (тарих), Құсманова Б.М. (орыс мектептеріндегі қазақ тілі), Баева Ф.Т. (ағылшын тілі), Қадырханова Г.Н., Омарова Н.С. (бастауыш сыныптар) қатысса, қашықтық сипаттағы олимпиадаға қатысуға Берден Ш., Минекеева С.Е. (физика), Сейсембеков С.Н. (биология), Елеусізова Н.М. (география) тіркеліп, өтініш білдірді. Дәстүрлі олимпиадаға әділқазылық жасауға Шакиров Е.А. (тарих), Түсіпова С.Н. (орыс тілі), Қапанова Г.Ж. (ағылшын тілі), Қабдуова К.Қ. (орыс мектептеріндегі қазақ тілі) бекітілді.
Нәтижесінде, аудан орталығындағы мұғалімдер олимпиадасынан тек қана Оспанова М.Ж. жүлделі екінші орынды қанжығасына байлап келді. Өткен жылмен салыстырғанда, биылғы көрсеткіштеріміз құмға сіңген құр тамшыдай. Ал қашықтық олимпиадада қатысуға өтініш білдірген мұғалімдер ішінен Сейсембеков С.Н., ... Читать дальше »
Просмотров: 1574 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/02/2010 | Комментарии (2)

Өткен аптада мектебіміздің төрт оқушысы - Кириченко Александр (8 сынып), Жұмабек Мәдина (8 сынып), Темірғалина Меруерт (7 сынып), Садуақасова Айнұр (6 сынып) - аудандық құрама сапында қысқы көпсайыстан облыстық спартакиадасына аттанып кетті. Жарыстар сенбі һәм жексенбі күндері өткізіледі. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!
Сонымен қатар өткен аптада оқушылар арасында баскетболдан аудандық спартакиада айдарымен жарыстар болды. Оларға қыздар да, ұлдар да қатысты.
Просмотров: 1073 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 28/02/2010 | Комментарии (0)