15:31
Уақытыңды басқар

ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ

Бірқатар аяттарда білдірілгендей, түнгі құлшылықты Алла елшісі (с.а.с.) парыз ретінде қабылдаған. Алланың әмірін тура бұйырылғандай орындаған. Көптеген мұсылмандар Пайғамбарының (с.а.с.) ізінен ерген. Тіпті аятта айтылған уақытқа сәйкес келмей қалу қаупінен түнді толықтай құлшылықпен өткізетіндер де кездескен. Бұдан олардың көбінің аяқтары ісіп кететін болған.

Сүренің басында келген бұл әмірді Алла Елшісі (с.а.с.) мен басқа мұсылмандар қалай түсінгенін және қалай орындағанын баяндайтын әрі мәселені жан-жақты түсіндіретін келесі бір аятқа назар аударайық:

«Раббың кейде түннің үштен екісіне жуығын, кейде тең жарымын, кей кездері үштен бір бөлігін құлшылықпен өткізетініңді, сондай-ақ қасыңдағы кейбір мүміндердің де солай істейтінін, сөзсіз, біледі. Түн мен күнді жаратып, екеуінің мерзімін белгілейтін бір Алла. (Уа, мүміндер!) Алла, сендердің түнгі құлшылықты Құраннан өздеріңе жеңіл тиетіндей мөлшерде оқып өтеңдер. Араларыңда науқастардың болатынын, кейбіреулеріңнің Алланың шексіз шарапатынан несібе іздеп, жер-әлемді шарлайтынын, ендібіреулердің Алла жолында жаугершілікке шығып, бел шешпей жортуылдап жүретінін Алла біледі. Ендеше, Құраннан өздеріңе жеңіл тиетіндей мөлшерде оқыңдар. Алайда қандай жағдайда болмасын, намазды кемеліне келтіріп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар. Зекетті толық беріңдер, сонымен қатар, (мал-дүниелеріңнің бір бөлігін Алла разылығы үшін дін жолында және мұқтаждарға жұмсау арқылы) Аллаға көркем қарыз беріңдер».

Риуаяттарға қарағанда, мына ең соңғы келтірілген аят сүренің басындағы түнгі құлшылықты әмір еткен аяттардан кейін 8 айдан 10 жылға дейінгі аралықтағы юіршама уақыт өткен соң түскен. Мұнда түнгі құлшылық мәселесінде бірқатар жеңілдіктер берілген. Әсіресе, аурулар, адал ризық-несібе іздеп жұмыс істейтіндер, жиһадқа шыққандар секілді себепті жандар түнгі құлшылықтан (тәһәжжуд намазы) босатылуда. Ғалымдардың аятқа қатысты түсіндірмелеріне қысқаша тоқтала кетпекпіз:

  1. Түнгі құлшылық алғашқыда Пайғамбарымызға нақты әсір етілген. Бір топ мұсылмандар да Алла Елшісінің ізінен еріп, әмір ретінде қабылдап, орындаған.
  2. Бұл әмір кейіннен толығымен үкімін жоймағанымен, бірқатар жеңілдіктер берілген. Нәпіл намаз саналып, мүмкіндігі болмаған жандар босатылған.
  3. Түнгі құлшылықтың төмендегідей пайдаларын айтуға болады:
  1. Түнде құлшылық жасаған әлдеқайда әсерлі болады.
  2. Түнде тұрып құлшылық жасау ертеңгі күнгі ауыр жұмыстарды ойдағыдай орындауға дайындық іспетті болады.
  1. Құран Кәрім қияметке дейін келетін барлық адамдарға түсірілгендіктен, қазіргі күннің мұсылмандары да бұл түнгі құлшылықты орындауды жалғастырғаны абзал.
  2. Пайғамбарымыздың сүннетін орындау дінде жоғары мәртебе саналғандықтан, бұл мәртебеге қол жеткізгісі келген мүміндер үшін түнгі құлшылық аса маңызды. Әрбір көкірегі ояу мүмін үшін ең биік мәртебе саналған «Алланың махаббаты мен разылығына қол жеткізу» мақсатына жету жолын Алла Тағала Құранда сүннетті орындаумен байланыстырған: «(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Егер Алланы (шынымен) жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Алла Тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», - деп айт.
  3. Ауыр әрі жауапкершілігі мол міндет саналған дінді жаю ісіне өзін арнаған жандар үшін түнгі құлшылықтың орны тіпті ерекше болуы қажет. Аяттан көргеніміздей, Алла Елшісі (с.а.с.) «алып жүруі ауыр уахиге», діни міндетіне дайындық мақсатында түнгі құлшылыққа бұйырылған. Дін жолында жүруді мақсат тұтқан жандар дәл Пайғамбарымыз (с.а.с.) секілді бұл шартты орындап, өзін тәртіпке салып, міндетіне дайындалуы қажет.
  4. Түнгі құлшылық тәһәжжуд намазы мен Құран оқуды білдіргенімен, ол уақытта Аллаға жақындата түсетін басқа да амалдарды орындауға, әсіресе ғылыми зерттеулермен айналысуға әбден болады. Көптеген еңбектер қалдырған үлкен ғалымдарымыз түнде құлшылық етумен бірге білім алып, зерттеулер жасап өткізгенін көруге болады.
 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

 

Просмотров: 222 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: