12:30
Уақытыңды басқар

НӘПІЛ НАМАЗ ОҚУДЫҢ МӘКРҮҺ УАҚЫТЫ

  • Таң атқан уақытта сол таң намазының сүннетінен басқа ешқандай нәпіл намазы оқылмайды. Хадисте: «Таң намазынан бұрын және таң намазы кірген кезде, таң намазының екі рәкат сүннетінен басқа намаз жоқ» делінген.
  • Таң намазын оқығаннан кейін күн шыққанға дейін;
  • Екінті намазын оқығаннан кейін күн батқанға дейін;
  • Ақшам намазының парызынан бұрын;
  • Айт намаздарынан бұрын үйде де, мешітте де;
  • Айт намазынан кейін мешітте;
  • Арафат пен Муздәлифәда қосып оқыған екі намаздың арасында;
  • Парыз намазының уақыты бітуге шақ қалғанда;
  • Парызға тұрып, тәкбір (қамат) айтылып жатқанда оқуға болмайды. Ал таң намазының сүннеті бұлардан тыс. Яғни, басқа сүннеттерге қарағанда бұл сүннет әлдеқайда маңызды болғаны үшін оқылуы тиіс. Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Таң намазының екі рәкат сүннеті дүние мен оның ішіндегі барлық нәрседен артық».
  • жұма күні имам мінберге шығып құтба оқып, жұма намазы біткенге дейін нәпіл намаз оқуға болмайды. Хадисте: «Жұма күні имам құтба оқып жатқанда, мұсылман адам жанындағы адамға тіпті «тыныш» дегеннің өзі қателік» делінген.
 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 207 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: